1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

АИ-95 және АИ-92 бензинін сатып алу

№ п/п: 13520

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.02.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.02.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі, 195 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен №1 Лот АИ-95 жанармайын және №2 Лот АИ-92 жанармайын сатып алу туралы хабарлайды және сізді осы сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, тауардың саны:

№1 Лот АИ-95–4500 литр (талондар), сатып алуға бөлінген сома - 738 270,00теңге, ҚҚС-сыз;

№2 Лот АИ-92– 4300 литр (талондар), сатып алуға бөлінген сома 608 708,00теңге, ҚҚС-сыз;

3. Сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы: Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандартта көрсетілген, сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы –АИ-95 және АИ-92 маркалы жанармайы, МС 32513-2013;

АИ-95 және АИ-92 маркалы жанармайы, талондардың мерзімі екі жақ тараптар тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 2021 жылдың 31 наурызға дейін қолданылады.

4. Тауарды жеткізу  орны:  Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195.

5. Тауарды жеткізуге талап етілетін мерзімдері: тауарды жеткізу мерзімі шарт жобасының талаптарына сәйкес. 

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны, басталу және аяқталу мерзімі:  баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі 2020 жылғы 05 ақпанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін баға ұсыныстарын берудіңаяқталу мерзімі 2020 жылғы 12 ақпанда 10-00-ге дейін. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынатын орны Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі, 195, № 306 кабинет.

7. Баға ұсыныстарын ашу орны және күні, уақыты: 2020 ж. «12» ақпан күні сағат 10.10 болады, Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі, 195, № 306 кабинет.

8. Төлем жүргізу  талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

9. Сатып алу туралы шарттың жобасы маңызды талаптарды көрсетумен қоса беріледі.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын беруі, сатып алу туралы шарттың жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес тауар жеткізуге, жұмыстарды орындауға, талаптарды сақтай отыра  қызметтер көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әрбір әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын хабарламада көрсетілген ақпаратты (құжаттарды) қоса бере алады.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру уақыты мен күніне дейін ұсынылады.

Егер баға ұсынысы конвертте ұсынылса, әлеуетті жеткізуші мөр басылған конверттің алдыңғы жағында:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық мекен-жайы;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекен-жайы;
  3. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы беруге қатысу үшін лоттың атауы.

Сатып алу қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (714-2) 990-927. (ішкі 3626).

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға