Автокөлікке техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13525
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 07.02.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.02.2020 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікке техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алуды өткізу
туралы хабарландыру
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікке техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу жоспарына сәйкес автокөлікке техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алуға бөлінген жалпы сома -567 621 (бес жүз алпыс жеті мың алты жүз жиырма бір) теңге 42 тиын, онын ішінде:
№ 1 лот – 2018 жылы шыққан Toyota Camry маркасына техникалық қызмет көрсету, 157 388 (бір жүз елу жеті мың үш жүз сексен сегіз) теңге 39 тиын ҚҚС-сыз;
№ 2 лот - 2018 жылы шыққан Toyota Camry маркасына техникалық қызмет көрсету, 157 388 (бір жүз елу жеті мың үш жүз сексен сегіз) теңге 39 тиын ҚҚС-сыз;
№ 3 лот - 2018 жылы шыққан Toyota Corolla маркасына техникалық қызмет көрсету, 126 422 (бір жүз жиырма алты мың төрт жүз жиырма екі) теңге 32 тиын ҚҚС-сыз;
№ 4 лот - 2018 жылы шыққан Toyota Corolla маркасына техникалық қызмет көрсету, 126 422 (бір жүз жиырма алты мың төрт жүз жиырма екі) теңге 32 тиын ҚҚС-сыз.
3. Қызметтер Жеткізушінің мамандандырылған ТҚС-да Шартта көзделген мерзімде көрсетіледі.
4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын бастау және аяқтау мерзімі, табыс ету орны: 2020 жылғы «07» ақпан сағат 09:00-ден бастап 2020 жылғы «13» ақпан сағат 18:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет мекенжайы бойынша.
Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны: 2020 жылғы «13» ақпан 18 сағат 15 минутта, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет мекенжайы бойынша.
5. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары толық көлемде көрсетілген Қызмет актісіне қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Қызмет көрсету дерегі бойынша Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.
6. Елеулі талаптары көрсетілген шарттың жобасы, оның ішінде техникалық ерекше нұсқамасы қоса беріледі.
7. Әлеуетті жеткізуші әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды қамтитын қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) баға ұсынысын ғана береді.
8. Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
9. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.
10. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
- cатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
11. Хабарландырудың 11-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ конверттерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы салынған конверт тіркеуге жатпайды және оны ұсынған тұлғаға қайтарылады
12. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
13. Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
• Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасының;
• Бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.