1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен валюталарды қарап көретін детекторларды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13529

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.02.2020 17:25

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.02.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен валюталарды қарап көретін детекторларды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Қазақстан Республикасы, А05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), тел. 8 (727) 2704-876 www.nationalbank.kz. Интернет-ресурсында  валюталарды қарап көретін детекторларды (бұдан әрі – Тауар) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Тауардын саны – 15 дана, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома – 1 054 687,50 теңге ҚҚС сомасын есептемегенде.

3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67-үй.

4. Тауарды толық көлемде жеткізу мерзімі – Шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде.

5. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама Техникалық ерекше нұсқамада (Шартқа қосымша) көрсетілген.

6. Ақы төлеу талаптары – Тауарды жеткізу фактісі бойынша 100% .

7. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67-үй.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді басталуы:
2020 ж. «12»  ақпан 10 сағат 00 минут.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2020 ж. «19»  ақпан 10 сағат 00 минут.

10.Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 ж. «19»  ақпанда 10 сағат 30 минутта, А05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67-үй мекенжайы бойынша ашылады.

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қоса беріледі.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарламада көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір баға ұсынысын ғана бере алады.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныс берілетін тауарды, жұмысты және қызметті сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу рұқсаты) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

Жеке кәсіпкер үшін: 

  • ЖК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы: 8 (727) 2704-876  телефоны бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға