Дабыл-күзет сигнализациясы жүйесін сатып алу
№ п/п: 13530
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 12.02.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 18.02.2020 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
дабыл-күзет сигнализациясы жүйесін сатып алуды жүргізу туралы
Хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан көш, 3-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дабыл-күзет сигнализациясы жүйесін ілеспе қызметтерімен (бұдан әрі – Тауар) сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.
1. Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 8 716 885,72 теңгені құрайды.
2. Тауардың саны және оған қойылатын талаптар, оны жеткізу мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында және техниқалық ерекше нұсқамасында көрсетілген.
3. Тауарды жеткізу орны: ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3.
4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3-үй.
5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020ж. 12.02. сағат 09:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2020ж. 18.02. сағат 18:00-ге дейін.
6. Баға ұсынысының ашудың күні және уақыты – 2020ж.19.02. сағат 10:00 -де.
7. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда келесі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;
2) жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
3) Тауарды жеткізу орны мен мерзімдері;
4) Тауар бірлігі үшін бағасы мен ҚҚС есептемегендегі Тауардың жалпы бағасы.
Әлеуетті жеткізуші, баға ұсыныстарының бөлігі ретінде, дабыл жабдықтарын орнатуды, пайдалануға енгізуді және оған техникалық қызмет көрсетуге рұқсат құжаттарын қамтамасыз етуі керек.
8. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында келесілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
- осы хабарламаның 4-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Тауарды (лотты) сатып алудың атауы.
9. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке бас куәлігі) растауы тиіс.
10. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
11. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
8 (7232) 56-06-82.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.