1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу хаттама қорытындысы

№ п/п: 13532

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 14.02.2020 10:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 21.02.2020 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 6 топ қызметкерлері (60 адамға дейін қатысушы) үшін assessment жасалатын «Басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» семинары.

4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 3 600 000,00 теңге.

5. Қызмет сипаттамалары: әр топ үшін 16 академиялық сағаттан кем емес семинар.

Бағдарламаның мақсаты: Басқару процесінің мәнін ашу.

Бағдарлама мазмұны:

- басқару қызметіндегі негізгі функцияларды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

- нақты мақсаттар қою;

- жұмысты үйлестіру;

- қызметкерлердің қызметін бақылау мен бағалауды ынталандыру;

- бағынышты адамдармен қиын жағдайларды шешу.

- ұйымдастырушы ұсынатын, басқарудың негізгі компетенциялары бойынша тренингтің әрбір қатысушысына сипаттама беру.

Тренерге қойылатын талаптар:

- жоғары психологиялық білім;

- бағалауды жүргізудегі алдыңғы тәжірибе туралы ақпараттарды ұсыну (есептер, менеджерлерді бағалауда қолданылатын әдістер).

Сертификаттау: курстар аяқталған соң сертификат беру.

6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2020 жылы наурызда жеткізушінің аумағында.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020 жылғы «14» ақпанда сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы «21» ақпанда 17 сағат 00 минут.

Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 ж. «21» ақпанда 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.

8. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы берілген.

9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.

Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).

Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 3302 557.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға