1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Түркістан қ. әкімшілік үйді салуға техника-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13545

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.02.2020 18:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 02.03.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Қаржы департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: Inkar.Yerzhanova@nationalbank.kz, тел. 8 727 2788 104, ішкі 5623, Түркістан қ. әкімшілік үйді салуға техника-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар) тендер тәсілімен сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

1. Сатып алынатын Жұмыстардың атауы, саны мен сатып алуға бөлінген сомасы осы хабарландырудың 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Жұмыстар техникалық ерекше нұсқамасы осы хабарландырудың 2-қосымшасында көрсетілген.

3. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау критерийлері және олардың маңыздылығы осы хабарландырудың 3-қосымшасында көрсетілген.

4. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы осы хабарландырудың 4-қосымшасында көрсетілген.

5. Объектінің орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы.

6. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі шарттың жобасында көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді тапсыру және рәсімдеу тәртібі, Қағидалардың 4 бөлімінде көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Қаржы департаменті, 303 каб.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Жұмыстарды сатып алу үшін  көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

- қазақстандық теңгедегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941 240 001 151,
ЖСК KZ86125KZT5004100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13;

- ресей рубльдегі төлемдер үшін: банк бенефициары: Москва қ., Мемлекетаралық банк, БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ЖСН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; банк бенефициары: Москва қ., ЖАҚ Сбербанк России, БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ЖСН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 30111810000000000124;

- АҚШ доллардағы төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;

- ЕУРО төлемдер үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX, ACCOUNT: 100 9498775 0000; банк бенефициары: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін деп тендерлік комиссия қабылдамайды.

7. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы «02» наурыз 10 сағ. 00 мин. дейін (қоса есептегенде).

8. Тендерге қатысуға өтінімдер 2020 жылғы «02» наурыз 11 сағ. 00 мин. мына мекенжай бойынша: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, 302/2 каб. ашылады.

9. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы «26» ақпан 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Қаржы департаменті, 303 каб., тел. 8 727 2788 104, ішкі 5623, электрондық пошта мекенжайы – Inkar.Yerzhanova@nationalbank.kz.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

11. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «28» ақпан 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

12. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

13. Отандық әлеуетті жеткізушілердің тендерлік баға ұсыныстары теңгемен және тиынмен жүздік үлеспен берілуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 727 2788 104, ішкі 5623.

Тендерлік комиссия хатшысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы департаменті сатып алу басқармасының бас маманының м.а. – Ержанова Іңкәр Арманқызы.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға