1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалын өрт, күзет және дабыл сигнал беру жүйелерімен жабдықтау жұмысын сатып алуды тендер талаптарымен тендер өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13553

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.02.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 06.03.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалын өрт, күзет және дабыл сигнал беру жүйелерімен жабдықтау жұмысын сатып алуды тендер талаптарымен тендер өткізу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Аскар көшесі, 30, байланыс телефоны: +77242 55-15-25, e-mail: kuz_80@nationalbank.kz., ҚР Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалын өрт, күзет және дабыл сигнал беру жүйелерімен жабдықтау жұмысын сатып алу бойынша тендер өтетіндігі туралы хабарлайды (әрі қарай – Жұмыс):

Тендер талаптары:

1. Сатып алынатын Жұмыстар саны мен тендерге бөлінген сомасы осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Жұмыстар техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.

3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы осы тендер талаптарының 5-қосымшасында көрсетілген.

4. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау критерийлері және олардың маңыздылығы осы тендер талаптарының 4-қосымшасында көрсетілген.

5. Жұмыстарды орындау орны: N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Аскар көшесі, 30.

6. Жұмыстарды орындау мерзімі: Шарт бойынша Жұмыстарды толық көлемде орындаудың жалпы мерзімі күнтізбелік 135 (бір жүз отыз бес) күн.

Қағидалардың[1] 4 тарауының 4 бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес тендерлік өтінімді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30, 111-кабинет.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету жұмыстарды сатып алу үшін  көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Қызылорда филиалы, ЖСК: KZ74125KZTN005100100 «ҚР Ұлттық Банкі» РММ, БСН 970341000046, БСК: NBRKKZKX, валюта шоты: теңге, КБе 13.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету қамтылмаған барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген болып тендерлік комиссиямен кері қайтарылады.

7. Тендерлік өтінімді берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы 6 наурыз 10 сағат 00 минут дейін (қоса есептегенде) мына мекенжай бойынша: Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30, №111 кабинет.

8. Тендерлік өтінімдер 2020 жылғы 6 наурыз 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30, № 309 кабинетте ашылады.

9. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы 28 ақпан 17 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қызылорда филиалы, бас маман Р.С. Кожахметовке, Қызылорда қ., Бекзатхан Аскар көшесі, 30, байланыс телефоны: +77242 55-15-25, e-mail: kuz_80@nationalbank.kz.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz  интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;

2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

11. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы 4 наурыз 10 сағат 30 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында www.natiоnalbank.kz. тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

12. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7242) 55-15-25, ішкі 3123, 3161.

Тендерлік комиссия хатшысы: Бас  маман – Кожахметов Рустам Серикович, 8 (7242) 55-15-25, ішкі 3113.


[1] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі Қағидалары

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға