Желдеткіш жүйесін зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды сатып алу
№ п/п: 13526
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.02.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 14.02.2020 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен желдеткіш жүйесін зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы
Хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен желдеткіш жүйесін зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды (бұдан әрі – Қызмет) сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.
1. Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 1 050 000,00 теңгені құрайды.
2. Қызметтерді көрсету талаптары, мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында және техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген.
3. Жұмыстарды орындау орны: ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3.
4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3-үй.
5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020ж.10.02. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2020ж.14.02. сағат 18:00-ге дейін.
6. Баға ұсынысының ашудың күні және уақыты – 2020ж.17.02. сағат 11:00-де.
7. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда төмендегі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:
- әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;
- Орындалатын жұмыстардың атауы, сипаттамасы және саны;
- Жұмыстарды орындау орны мен мерзімдері;
- ҚҚС есептемегенде Жұмыс үшін бағасы.
8. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында төмендегілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
- осы хабарламаның 4-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Жұмысты (лотты) сатып алудың атауы.
9. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке бас куәлігі) растауы тиіс.
10. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
11. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 560-685.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.