1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Тоттанбайтын болаттан жасалған сүйенішті орнату жөніндегі жұмыстарды қайта сатып алу

№ п/п: 13325

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.10.2019 16:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 01.11.2019 16:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1.Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ атынан Қазақстан Республикасы, 040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64-үйінде орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы (электрондық мекенжайы:  Tald_80@nationalbank.kz. Телефон: 8(7282) 55-95-08) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тоттанбайтын болаттан жасалған сүйенішті орнату жөніндегі жұмыстарды (бұдан әрі Жұмыс) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2.Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген жұмыстың көлемі: шарттың техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес тоттанбайтын болаттан жасалған сүйенішті орнату жөніндегі жұмыс. ҚҚС сомасын есептемегенде Жұмысты сатып алуға бөлінген сома - 877 678 (сегіз жүз жетпіс жеті мың алты жүз жетпіс сегіз) теңге 57 тиын.

3.Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (болған кезде) көрсетілген сатып алынатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес тоттанбайтын болаттан жасалған сүйенішті орнату.

4.Сатып алынатын жұмыстың техникалық ерекше нұсқамасы (болған кезде). Шарт жобасының қосымшасына сәйкес толтырылған техникалық нұсқаманы әлеуетті жеткізушіге міндетті түрде ұсыну.

5.Тауар үлгілерін тестілеу бағдарламалары (болған кезде).

6.Жұмысты орындау орны: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64-үйінде орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы. 

7.Жұмысты орындау үшін талап етілетін мерзім: Тараптардың уәкілетті өкілдері Шартқа қол қойған күннен бастап  20 (жиырма) жұмыс күн ішінде.

8.Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі:

Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі - 2019 ж. 25 қазан,  сағат 16:00-ден бастап.

Баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау мерзімі - 2019 ж. 1 қараша,  сағат 16:00-ге дейін.

Орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64.

9.Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны: 2019 ж. 1 қараша,  сағат 17:00.

10.Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Мердігердің банктік шотына Шарттың жалпы сомасының 100 % мөлшерін орындалған Жұмысты қабылдау  туралы №2в нысандағы акт пен орындалған жұмыстың құны туралы №КС-3 нысандағы анықтама негізінде Тараптар орындалған жұмысты қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және Мердігер  шот-фактураны  ұсынған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде аударады.

11.Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.  Бұл ретте әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының талаптарына келісімін беру тиіс.

Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсынысының аяқталуына дейінгі күнде және уақытта беруге тиіс.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесті сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында сатып алатын жұмыстың атауы.

Баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келемеген жағдайда, сондай-ақ конверттер ұсыну мерзімінен кейін берілген жағдайда баға ұсынысы тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы бойынша:

  1.  баға ұсынысы сатып алуға бөлінген сомадан артық болса;
  2.  әлеуетті жеткізуші 1 (бірден) артық  баға ұсынысын ұсынса;
  3.  техникалық ерекше нұсқамасының талаптарына сәйкес келмесе;
  4.  техникалық ерекше нұсқамасын ұсыну туралы талап болған кезде әлеуетті жеткізуші оны ұсынбаса;
  5.  әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;
  6.  сатып алуға жозықсыз қатысушылар тізілімінде әлеуетті жеткізуші тұрса, оның баға ұсынысы  қабылданбайды.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға