1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Күзет - өрт және дабыл сигнализация жүйесін орнату үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13319

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.10.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.10.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ  Батыс Қазақстан филиалы, индекс L02B9P3, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен күзет-өрт және дабыл сигнализация жүйесін орнату үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын техникалық қорытынды шығарумен және сараптамадан өткізуімен бірге сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Күзет-өрт және дабыл сигнализация жүйесін орнату үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС  қоспағанда 1243666,50 (бір миллион екі жүз қырық үш мың алты жүз алпыс алты) теңге 50 тиын. 

3. Ұлттық стандартты, мемлекетаралық немесе халықаралық стандартты (ол болған кезде) көрсете отырып, сатып алынатын жұмыстардың қысқаша сипаттамасы: жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес күзет-өрт және дабыл сигнализация жүйесін орнату үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар, техникалық ерекше нұсқамасына қойылатын талаптар жалғанған шарт жобасында толық көрсетiлген.

4. Сатып алынатын жұмыстарға техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

5. Жұмыстарды орындау орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1.

6. Жұмысты орындау мерзімі, төлем жасау талаптары жалғанған шарт жобасында көрсетiлген.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы,
индекс L02B9P3, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1.

8. Әлеуетті жеткізушілердің  баға ұсыныстарың беруді бастау және аяқтау мерзімі: 2019 жылғы 21 қазан сағат 09:00-ден бастап - 2019 жылғы
25 қазан сағат 17:30-ға дейін.

9. Баға ұсыныстарын ашу күнi және уақыты: 2019 жылғы  28 қазанда сағат 11:00-де, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 мекен жайы бойынша акт залы.

10. Шарт жобасы, оның маңызды талаптары көрсетіліп, қоса жалғанды.

    Әлеуетті жеткізушінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 32, 32-1 -бабына сәйкес І санаттағы лицензиясы және аккредитация туралы куәлігі болуы тиіс.

    Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, жұмысты жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

      Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.

     Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.

       Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

      1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

      2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

      3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

      Жеткізуші шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      2) ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

      3) толық деректемелерін көрсете отырып банктен анықтама;

      4) бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

      5) Ағымдағы бағалармен жұмыс құнын есептеу;

      6) І санаттағы жобалау қызметіне мемлекеттік лицензия және аккредитация туралы куәлігі.

Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға