1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Касса торабының үй-жайларындағы ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алу

№ п/п: 13336

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 07.11.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.11.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ  Батыс Қазақстан филиалы, индекс L02B9P3, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен касса торабының үй-жайларындағы ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Касса торабының үй-жайларындағы ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС сомасын қоспағанда -
2 078 571,43   (екі миллион жетпіс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге 43 тиын. 

3. Сатып алынатын жұмыстар мен талаптардың көлемі, мерзімі, Төлем шарттары және техникалық ерекшелігі қоса беріліп отырған шарт жобасында егжей-тегжейлі көрсетілген.

4. Жұмыстарды орындау орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1.

5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы,
индекс L02B9P3, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1.

6. Әлеуетті жеткізушілердің  баға ұсыныстарың беруді бастау және аяқтау мерзімі: 2019 жылғы 07 қараша сағат 09:00-ден бастап - 2019 жылғы 13 қараша сағат 17:30-ға дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашу күнi және уақыты: 2019 жылғы  14 қарашада  сағат 11:00-де, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 мекен жайы бойынша, аткілер залы.

8. Шарт жобасы, оның маңызды талаптары көрсетіліп, қоса жалғанды.

9. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге жұмыстарды орындауға техникалық ерекшелікті ұсынуы тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

         Әлеуетті жеткізушінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 32 -бабына сәйкес І санаттағы лицензиясы болуы тиіс.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

 Жеткізуші шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2. ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3. толық деректемелерін көрсете отырып банктен анықтама;

4. бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

5. Ағымдағы бағалармен жұмыс құнын есептеу;

6.  І санаттағы лицензия.

Шарт жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8-7112-554532 ішкі 2943.

Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға