1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Зиянды бағдарламалардың әрекетіне интерактивті талдау жасауға арналған интернет сервисіне қолжеткізуге рұқсат беру қызметін сатып алу

№ п/п: 13333

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.11.2019 18:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.11.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

2019 жылғы «05» қараша

 

 

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

сатып алуды өткізу туралы

хабарландыру

 

Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй.

Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй;  2619-209, 2704-819 (ішкі.:1819), электрондық мекенжайы – Zholaman.B@nationalbank.kz., Alexey.Kuznetsov@nationalbank.kz.

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен зиянды бағдарламалардың әрекетіне интерактивті талдау жасауға  арналған интернет сервисіне қолжеткізуге рұқсат беру қызметін сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды (бұдан әрі – Қызмет).

Сатып алу үшін бекітілген сома: 1 934 919,33 теңге ҚҚС сомасын есептемегенде. Саны: 1 Қызмет.

Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй;  тел: 2619-209.

Қызмет көрсету мерзімдері мен ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй (қолма-қол).

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні:

2019 жылғы «05» қарашада сағат 18:00-ден 2019 жылғы «12» қарашада 18:00-ге дейін.

Баға ұсыныстары салынған конверттері ашу күні мен уақыты:

2019 жылғы «12» қараша сағат 18:15-те.

Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылатын Қызметке техникалық Ерекше нұсқама ұсынуы тиіс.

Сатып алу туралы шарттың жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) көрсетілетін Қызметтің атауы;

3) Қызмет көрсету мерзімі;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің біреуінің бағасы және Қызмет көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы құны;

5) Қызметтің әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқамасы.

Баға ұсынысы ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

 

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

 

Дара кәсіпкер үшін: 

  1. ДК тіркеу туралы куәлік;
  2. Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  3. Жеке куәлігі;
  4. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

 

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап  жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

 

 

Ақпараттық қауіп және

киберқорғау басқармасының

бастығы                                                                                    Р. Перминов

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға