1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ағынды ауаны зоналық салқындатқышты ағымдағы жөндеу жұмысын сатып алу

№ п/п: 13146

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 24.06.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 02.07.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A01T7M2, Алматы қ., Райымбек даңғылы, 511-үй, тел. 8 (727) 25-88-707, 25-88-774.

2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ағынды ауаны зоналық салқындатқышты ағымдағы жөндеу жұмысын сатып алатыны туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Жұмыстын саны және сатып алу үшін бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде:

Ағынды ауаны зоналық салқындатқышты ағымдағы жөндеу  , саны 1 жұмыс, бөлінген сомасы – 3 412 500,00 теңге.

4. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде) көрсетілген, орындалатың жұмыстын қысқаша сипаттамасы ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).

5. Жұмыс орындалатын орын: Алматы қ. Райымбек даңғ, 511-үй.

6. Жұмыс орындау мерзімі: Шарт жобасында көрсетілген.

7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны, басталу және аяқталу мерзімі:

Басталуы: 2019ж. «24» маусымда 09 сағат 00 минутта.

Аяқталу мерзімі: 2019ж. «02» шілдеде 11 сағат 00 минутта.

Беру орны – Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 511-үй.

9. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019ж. «02» шілдеде 11 сағат 30 минутта, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 511-үй, № 1.46 бөлме мекенжайы бойынша ашылады.

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-қосымшасына сай Баға ұсынысының нысаны және Сатып алу туралы шарт жобасы қоса берілген.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) орындалатың Жұмыстын атауы;

3) ҚҚС есептемегенде бір Жұмыстын бағасы және  Жұмысты орындаумен байланысты шығындары қосылған Жұмыстын жалпы бағасын

қамтитын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған кезде) бекітілген, тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.

4) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге арналған рұқсаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 314-бабының 1-1-тармағы).

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге арналған рұқсат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттелген (екінші санаттағы рұқсаттар тізбесінің 48-тармағы, Заңның 2-қосымшасы).

Өнім беруші көрсетілген рұқсатсыз Шарт мәнінде көзделген жұмыстарды жүргізе алмайды.

2. Баға ұсынысы және рұқсаттың көшірмесі, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің соңғы мерзіміне дейін желімделген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары салынып желімделген конверттің беткі жағында:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, сатып алынатын Жұмыстын атауын  көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конверттерді ашқанға дейін бір жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге уәкілетті өкілдің аты-жөнін және лауазымын көрсете отырып жазбаша хабарлама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін береді.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Жеке кәсіпкер үшін: 

  • ЖК тіркеу туралы куәлік (анықтама, хабарлама);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша (егер салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік.

5. Шарт жобасы жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізушіге қол қоюға тек рұқсаты бар болған кезде ғана жіберіледі, әлеуетті жеткізуші қол қояды  және қол қойылған шарт жобасын сатып алуды ұйымдастырушыға  оған сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде береді.

6. Қосымша анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-707, 25-88-774.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға