1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Панфилов көшесі, 98 мекенжайында орналасқан АҚФ ғимаратында мүгедектерге арналған оңалту және қосалқы жабдықтарды сатып алу

№ п/п: 13175

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.07.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 16.07.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы), 8(727) 2619-204 ішкі 5445, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Панфилов көшесі, 98 мекенжайында орналасқан АҚФ ғимаратында мүгедектерге арналған оңалту және қосалқы жабдықтарды сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Панфилов көшесі, 98 мекенжайында орналасқан АҚФ ғимаратында мүгедектерге арналған оңалту және қосалқы жабдықтары (бұдан әрі – Тауар), саны – 1 дана, ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алу үшін бөлінген  сома -  1 500 000,00 теңге.

3. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген, (шарттың қосымшасы). 

4. Тауарды жеткізу орны: A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көш., 98.

5. Ақы төлеу талаптары - Шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың уәкілетті адамдары Тауарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі ­– Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасының 100 % (бір жүз пайызы) мөлшерінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.   

6. Тауарды жеткізу мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 10 шілденің  09 сағат 00 минуттан бастап.  

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 16 шілденің 18 сағат 30 минутқа дейін. 

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 кабинет.   

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 17 шілденің 09 сағат 00 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 204 кабинетте ашылады. 

11. Панфилов көшесі, 98 мекенжайында орналасқан АҚФ ғимаратында мүгедектерге арналған оңалту және қосалқы жабдықтарды сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

13.       Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші ұсынылып отырған тауармен бірге техникалық ерекше нұсқама ұсынуға тиіс.

14. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3)  әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

15. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

16. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

17. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

18. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға