Бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша сатып алу қызмет
№ п/п: 13184
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 17.07.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.07.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен касса торабындағы бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Көрсетілетін Қызметтердің саны: Бір қызмет. Қызметті сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС есепке алмағанда 1 369 642,86 теңге.
3. Тауардың қысқаша сипаттамасы: Касса торабындағы бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету.
4. Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы Шарттың жобасына қоса беріледі.
5. Қызмет көрсету орыны: Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй.
6. Талап етілетін қызмет көрсету мерзiмдерi – Жеткізуші Қызмет көрсетуді 3-4 тоқсанда, тоқсанның соңғы айының 1-нен бастап 10-на дейін жүзеге асырады.
7. Баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі: 2019 жылғы «17» шілде
9 сағат 00 минутта басталады; баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: 2019 жылғы «24» шілде 17 сағат 00 минутқа дейін;
8. Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні және уақыты –
2019 жылғы «24» 17 сағат 15 минутта.
9. Ақы төлеу талаптары:
- Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде көрсетілген қызметтердің актісі (бұдан әрі – Акті) және Жеткізушінің ұсынған шот-фактурасының негізінде тоқсан сайын, Қызмет көрсету фактісі бойынша жүзеге асырады;
- 4-тоқсанға ақы төлеу көрсетілген қызметтердің актісі (бұдан әрі – Акті) және Жеткізушінің ұсынған шот-фактурасының негізінде 2019 жылдың 27 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
10. Маңызды талаптары, соның ішінде техникалық талаптары көрсетілген Шарттың жобасы қоса берілді.
Әлеуетті жеткізуші белгіленген нысан бойынша тек 1 (бір) баға ұсынысын береді және оған әлеуетті жеткізушінің қолы қойылып, мөрі (бар болған кезде) басылып, бекітіледі, ол келесі мәліметтер мен құжаттардан тұрады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) көрсетілетін қызметтің атауы, сипаты және көлемі;
3) қызмет көрсету орны және мерзімі;
4) қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда қосымша құн салығын есепке алмағандағы тоқсан сайынғы қызмет көрсету бағасы және жалпы бағасы;
5) әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған техникалық сипатамасы.
Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзiлмейдi.
Баға ұсынысын әлеуетті жеткізуші конверттерді ашу рәсімдерінің басталуына дейін жабылған күйінде ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы салынған жабық конверттің сырт жағына:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошта (заңды) мекенжайын;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауын және пошталық мекенжайын;
3) лот атауын қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.
Баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат, жеке куәлiк) растауы тиіс.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Жеткізуші Шартқа қол қоюда келесі құжаттардың көшірмелерін береді:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
- қосымша құн салығы бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- деректемелері толық көрсетілген банктің анықтамасы;
- бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық;
- мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізілімінде жоқ екенін растайды.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.