1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Өскемен қ. Қазақстан көш., 3 мекенжайы бойынша Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалының әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу (апаттық жарықтың электрмонтаждау жұмыстары) тендер талаптарымен қайта тендері

№ п/п: 13187

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.07.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.07.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Өскемен қ. Қазақстан көш., 3 мекенжайы бойынша Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалының әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу (апаттық жарықтың электрмонтаждау жұмыстары)  тендер талаптарымен қайта тендер жүргізу туралы

Хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3, БСН 960941000670, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дегі ЖБК KZ96125KZTF004100100, ББК NBRKKZKX, АЖК – 13, электрондық поштасының мекенжайы Olga.Turnaeva@nationalbank.kz, тел. 8(723)2 56-06-85, 56-06-87 ҚРҰБ ШҚ филиалының әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу (апаттық жарықтың электрмонтаждау жұмыстары) (бұдан әрі – Жұмыстар)  сатып алу бойынша қайта тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

Тендер талаптары:

  1. Сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 5 465 489,30 (бес миллион төрт жүз алпыс бес мың төрт жүз сексен тоғыз теңге 30 тиын) теңгені құрайды.
  2. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.
  3. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алулар туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр (тендер талаптарының 2-қосымшасы).
  4. Әлеуетті жеткізушілердің баға өлшемшарттары және олардың маңыздылығының шамасы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.
  5. Жұмыстардың орындалу орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3.
  6. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін уақыты: Шартқа қол қойған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күні.

Тендерлік өтінімді ұсынудың және ресімдеудің тәртібі Қағидалардың 4-параграфында[1] көзделген. Конвертте желімделген тендер өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мына мекенжай бойынша F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3, Шығыс Қазақстан филиалының ғимараты, № 405 кабинетке тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынылады (жіберіледі).

Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету Қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың 1 (бір пайызы) мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына кепілдік ақша жарнасын енгізуді растайтын банктік кепілдік немесе төлем құжаты түрінде  енгізіледі:

қазақстан теңгесімен төлеу үшін: бенефициар –«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 960941000670,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дегі ЖБК KZ96125KZTF004100100, ББК NBRKKZKX, БеК – 13.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сай келмейтін ретінде тендерлік комиссия қабылдамайды.

  1. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың аяқталу мерзімі 2019 жылғы «30» шілдесін қоса алғанда 18 сағат 00 минутке дейін.
  2. Тендерлік өтінімдер 2019 жылғы «31» шілдеде 10 сағат 00 минутте мына мекенжай бойынша ашылады: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3.
  3. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болғанда әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «25» шілдеде 18 сағат 00 минуттен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен жүгінеді.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3.

  1. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
  1. Тендер талаптары түсіндірілген мәтінді тапсырыс берушінің (сатып алушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында жариялайды.
  2. Тендер талаптары түсіндірілген мәтінді кімнен келіп түскені көрсетілмеген электрондық пошта бойынша тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.
  1. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «27» шілдеде 18 сағат 00 минуттен кешіктірмей өз бастамасы бойынша әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен кем емеске ұзартылады.

  1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімдерде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі қажет.

Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімнің құрамында қызметтің мына түрлері бар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға І-санаттағы мемлекеттік лицензияның көшірмесін ұсынуы қажет:

  1. қайта құру мен күрделі жөндеу кіретін инженерлік желілерді және жүйелерді орнату, оның ішінде:
  • сыртқы электрмен жарықтандыру желілері, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың ішкі жүйелері.

 

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 56-06-85, 56-06-87.

 

Тендерлік комиссияның хатшысы: жетекші маман-инженер-энергетигі – Шарифуллин Рамиль Кабирович.

 


[1] 2018ж.27.08. № 192 ҚРҰБ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген ҚР Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға