"Қаржы құралдарымен мәмілелері құқықтық реттеу - ISDA" семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу
№ п/п: 13196
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.07.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.07.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.
2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Қаржы құралдарымен мәмілелері құқықтық реттеу - ISDA» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1 қызметкері үшін «Қаржы құралдарымен мәмілелері құқықтық реттеу - ISDA» семинары.
4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 223 214,29 теңге.
5. Қызмет сипаттамалары.
Семинар келесіні қамтуы керек:
- қаржы құралдарымен мәміле, практикалық кейстер/мысалдармен операциялар;
- қаржы құралдарын (туынды қаржы құралдары және басқалары) зерттеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелерді құқықтық реттеу.
- ISDA зерттеу.
Сертификаттау: курстар аяқталған соң сертификат беру.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жыл ішінде жеткізушінің аумағында.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «23» шілдеде сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «30» шілдеде 17 сағат 00 минут.
Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «30» шілдеде 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №440 бөлмеде ашылады.
8. Тапсырыс беруші нақты көрсетілген қызмет дерегі бойынша ақы төлеуді тараптардың уәкілетті адамдары көрсетілген қызмет актісіне қол қойған және тапсырыс беруші шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2788-104 (вн. 5541).
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.