1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Implementing Cisco Secure Access Solutions (SISAS)» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу

№ п/п: 13370

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.11.2019 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.11.2019 17:00

абарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Implementing Cisco Secure Access Solutions (SISAS)» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2 қызметкері үшін «Implementing Cisco Secure Access Solutions (SISAS)» курстары.

4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 702 321,43 теңге.

5. Қызмет сипаттамалары: кемінде 40 академиялық сағатқа созылатын авторланбаған курстарда келесі ақпарат болуы керек:

- 802.1X стандартының негізінде Cisco ISE құрылғыларын қолдану және желілік қол жетімділік шешімдерін орындау;

- сыртқы қауіптерден қорғау және желіге қосылған құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Cisco-ның ең тиімді шешімдерін конфигурациялаудың практикалық тәжірибесі;

- Cisco ISE платформасының қызметтерін қолдана отырып, АТ-инфрақұрылымы мен қосымшалары үшін қауіп-қатерді азайту;

- операциялық қолдауды және желілік қол жеткізуді басқаруды анықтау.

Тренерге қойылатын талаптар: жоғары білімі, 7 жылдан кем емес оқытушылық тәжірибесінің болуы.

Сертификаттау: курстар аяқталған соң сәйкес сертификат беру.

6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жыл ішінде жеткізушінің аумағында.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «18» қарашада сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «25»қарашада 17 сағат 00 минут.

Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.

 

Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «25» қарашада 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы шартының жобасы берілген.

9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс ету өткізілетін сатып алу талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).

Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8 (727) 330 25 57.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға