Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 13 лот бойынша Оптикалық патч сымдар, UTP патч сымдар, қосқыштар сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
№ п/п: 13354
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.11.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.11.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ Ақпараттық технологиялар департаменті (бұдан әрі – Сатып алуларды ұйымдастырушы) орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
№1 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) SM(9/125) 1 m»;
№2 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) SM(9/125) 2 m»;
№3 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) SM(9/125) 5 m»;
№4 лот - «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) SM(9/125) 10 m»;
№5 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) SM(9/125) 15 m»;
№6 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) MM(50/125) 1 m»;
№7 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) MM(50/125) 2 m»;
№8 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) MM(50/125) 5 m»;
№9 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) MM(50/125) 10 m»;
№10 лот – «Оптикалық патч сымдар LC/UPC – LC/UPC (DUPLEX) MM(50/125) 15 m»;
№11 лот – «UTP патч сымдар RJ-45 5E 0,5м»;
№12 лот – «UTP патч сымдар RJ-45 5E 1м»;
№13 лот – «Қосқыштар RJ 45»
(бұдан әрі - «Өнім»)
2. Сатып алу үшін бөлінген сома:
№1 лот – ҚҚС қоспағанда 64 888 тенге 50 тиын;
№2 лот – ҚҚС қоспағанда 68 946 тенге 60 тиын;
№3 лот – ҚҚС қоспағанда 54 147 тенге 40 тиын;
№4 лот – ҚҚС қоспағанда 69 214 тенге 40 тиын;
№5 лот – ҚҚС қоспағанда 82 018 тенге 00 тиын;
№6 лот – ҚҚС қоспағанда 43 098 тенге 20 тиын;
№7 лот – ҚҚС қоспағанда 46 526 тенге 80 тиын;
№8 лот – ҚҚС қоспағанда 50 022 тенге 40 тиын;
№9 лот – ҚҚС қоспағанда 74 116 тенге 20 тиын;
№10 лот – ҚҚС қоспағанда 91 500 тенге 00 тиын;
№11 лот – ҚҚС қоспағанда 138 978тенге 00 тиын;
№12 лот – ҚҚС қоспағанда 161 760 тенге 00 тиын;
№13 лот – ҚҚС қоспағанда 25 580 тенге 00 тиын;
3. Сатып алынатын Қызметтердің сипаты, Техникалық ерекше нұсқамаларды (Хабарламаға қосымшаға сәйкес) көрсетілген Қызметтердің толық ерекше нұсқамалары.
4. Қызмет көрсету мерзімі, орны - Хабарламаға қосымшаға сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы 13 қарашада 10 сағат 00 минут.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2019 жылғы 19 қарашада 17 сағат 00 минут.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, 2-кіреберіс.
8. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 19 қарашада 17 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, №317/1 бөлмеде ашылады.
9. Ақы төлеу талаптары: Хабарламаға қосымшаға сәйкес.
10. Сатып алынатын тауарлардың саны - Хабарламаның қосымшасына сәйкес.
11. Тауарды жеткізуді Жеткізуші өз есебінен жүзеге асырады.
12. Шот-фактурада көрсетілген күн Тауарларды жеткізу күні болып табылады
13. Мәміле Ереженің 172-тармағына[1] сәйкес ауызша түрде жасалады. Тауар шот-фактура негізінде сатып алынатын болады.
14. Баға ұсынысы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа жеке мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) жеткізілетін Тауардыұң атауы;
4) қосылған құн салығын қоспағанда, тауарларды жеткізуге байланысты шығындар қосылған тауарлардың құны;
5) әлеуетті Жеткізуші қол қойған тауарға техникалық ерекшелік.
Әрбір әлеуетті жеткізуші әр лотқа әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген жеке техникалық сипаттаманы ұсынады.
Баға ұсынысы және техникалық сипаттамалары, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.
Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 330 24 71, 2704-557.
[1] Ереженің 172-тармағы - Ауызша нысанда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға, сондай-ақ жасау кезінде орындалатын, мәмілелерді жасау фактісін (чек, инвойс, қабылдау-өткізу актісі, төлем жасауға шот, шот-фактура, жүк құжаттамасы, билет немесе әдетте қабылданған растайтын өзге белгі) растайтын құжаттар болған кездегі мәмілелер жасалуы мүмкін.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.