«Ұйым ішіндегі қатынастарды тиімді жобалау. Менеджердің басқару қызметінің функциялары және оларды іс жүзінде жүзеге асыру» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу
№ п/п: 13357
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.11.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 20.11.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды
өткізу туралы хабарлама
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.
2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Ұйым ішіндегі қатынастарды тиімді жобалау. Менеджердің басқару қызметінің функциялары және оларды іс жүзінде жүзеге асыру» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 5 топ қызметкерлері (assessment жасалатын топта 12 адамға дейін қатысушы 2 топ, assessment жасалмайтын топта 20 адамға дейін қатысушы 3 топ) үшін «Ұйым ішіндегі қатынастарды тиімді жобалау. Менеджердің басқару қызметінің функциялары және оларды іс жүзінде жүзеге асыру» семинары.
4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 4 687 500,00 теңге.
5. Қызмет сипаттамалары: әр топ үшін 16 академиялық сағаттан кем емес семинар.
Бағдарламаның мақсаты: Басқару процесінің мәнін ашу.
Бағдарлама мазмұны:
- басқару қызметіндегі негізгі функцияларды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
- нақты мақсаттар қою;
- жұмысты үйлестіру;
- қызметкерлердің қызметін бақылау мен бағалауды ынталандыру;
- бағынышты адамдармен қиын жағдайларды шешу.
- assessment жасалатын бағдарлама үшін бағалау аяқталғаннан кейін тренингтің әрбір қатысушысына сипаттама беру.
Тренерге қойылатын талаптар assessment жасалатын топтар үшін:
- жоғары психологиялық білім;
- бағалауды жүргізудегі алдыңғы тәжірибе туралы ақпараттарды ұсыну (есептер, менеджерлерді бағалауда қолданылатын әдістер).
Тренерге қойылатын талаптар assessment жасалмайтын топтар үшін:
- жоғары білім;
- қызметкерлерді басқару саласында халықаралық сертификаттарының болуы;
- ұсыныс хаттармен расталған оқыту семинарларын/тренингтерін өткізу тәжірибесінің болуы.
Сертификаттау: курстар аяқталған соң сертификат беру.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жыл ішінде жеткізушінің аумағында.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «13» қарашада сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «20» қарашада 17 сағат 00 минут.
Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «20» қарашада 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.
8. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы берілген.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.
Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).
Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 3302 557.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.