Закупки проводятся только на государственном и русском языках
«INUS Capsule» лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау
№ п/п: 13242
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.09.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 10.09.2019 11:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ Ақпараттық технологиялар департаменті (бұдан әрі – Сатып алуларды ұйымдастырушы) орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ««INUS Capsule» лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау» қызметін (бұдан әрі - Қызмет) сатып алуларды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС қоспағанда 5 770 302 теңге 14 тиын.
Сатып алынатын Қызметтің сипаты, Техникалық ерекше нұсқамада (Шартқа қосымша) көрсетілген Қызметтің толық ерекше нұсқамасы.
Қызмет көрсету мерзімі, орны - Шарт талаптарына сәйкес.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы 03 қыркүйекте 10 сағат 00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2019 жылғы 10 қыркүйекте 11 сағат 00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, 2-кіреберіс.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 10 қыркүйекте 11 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, №317/1 бөлмеде ашылады.
Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
Сатып алулар туралы шарт жобасы және Хабарландыруға қосымша қоса беріледі.
Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші көрсетілетін Қызметтің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс. Баға ұсынысы Хабарландыруға қосымшаға сәйкес ұсынылуы тиіс.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) көрсетілетін Қызметтің атауы;
3) Қызмет көрсету мерзімі және кезеңі;
4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің бағасы және Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы;
5) Қызметтің әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқамасы.
Баға ұсынысы Хабарландыруға Қосымшаға сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.
Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.
Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.
Дара кәсіпкер үшін:
- ДК тіркеу туралы куәлік;
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Жеке куәлігі;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).
Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2704-705, 330-24-65.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.