1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кондиционерлерді сатып алу

№ п/п: 13248

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.09.2019 11:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.09.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

  1. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы, 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй мекенжайында орналасқан, Электрондық мекенжайы:  kokch_80@nationalbank.kz. Телефон: 8 (7162) 55-18-00, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кондиционерлерді (бұдан әрі- Тауар) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатусыға шақырады.
  1. Сатып алуға бөлінген сомаға тауардың саны:

1 - лот: Шарттың техникалық сипаттамаға сәйкес (18 Бте/сағ.) кондиционерлер, саны 3 дана. Сатып алуға бөлінген сома, ҚҚС сомасын есептемегенде,  948 855,81 (тоғыз жүз қырық сегіз мың сегіз жүз елу бес) теңге 81 тиын.

2 - лот: Шарттың техникалық сипаттамаға сәйкес (24 Бте/сағ.) кондиционерлер, саны 2 дана. Сатып алуға бөлінген сома, ҚҚС сомасын есептемегенде,  726 283,04 (жеті жүз жиырма алты мың екі жүз сексен үш) теңге 04 тиын.

  1. Тауарды жеткізу орны:Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй.
  1. Тауарды жеткізу үшін талап етілетін мерзім: Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің уәкілетті өкілдері Шартқа қол қойған күннен бастап  20 (жиырма) жұмыс күн.
  1. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі:

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі -2019 ж. «06» қыркүйек,  сағат 11:00. бастап

Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі- 2019 ж. «12» қыркүйек, сағат 18:00. дейін

Мекенжайы: Ақмола  облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214.

  1. Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты:2019 ж. «13» қыркүйек,  сағат 12:00.

Мекенжайы: Ақмола  облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214.

  1. Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Жеткізушінің банктік шотына Шарттың жалпы сомасының 100 % (бір жүз пайыз) мөлшерін Тараптар Тауарды толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі-Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде аудару арқылы жүзеге асырады.
  1. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілгеншарт жобасы қоса беріледі.

Қосымша ақпарат

  1. Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір лотқа береді
  1. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсыну мерзімінің аяқталуына дейінгі күнде және уақытта берілуі тиіс.
  1. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:
  • әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
  • сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  • әлеуетті жеткізушінің  баға ұсынысында сатып алынатын тауардың атауы.
  1. Баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келмеген, сондай-ақ конверт ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған жағдайда тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.
  1. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.
  1. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.
  1. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
  1. Қосымша ақпарат 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға