Үздіксіз қуаттандыру көздерін (қуаты 30 кВА) сатып алу
№ п/п: 13220
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 19.08.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 02.09.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, БҚО, Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, байланыс телефоны: +7 7112 55-45-35, e-mail: URA_80@nationalbank.kz., үздіксіз қуаттандыру көздерін (қуаты 30 кВА) монтаждау жұмыстарымен бірге сатып алу жөнінде тендер өтетіндігі туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады:
Тендер талаптары:
1. Сатып алынатын Тауардың аты, саны мен тендерге бөлінген сомасы, осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.
3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы осы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау критерийлері және олардың маңыздылығы осы тендер талаптарының 4-қосымшасында көрсетілген.
5. Жұмыстарды орындау орны: Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй.
6. Тауарды монтаждық жұмыстарымен бірге жеткізу мерзімі: Шарт бойынша Тауарды монтаждау жұмыстарымен бірге толық көлемде жеткізудің жалпы мерзімі күнтізбелік 20 (жиырма) күн.
7. ҚР ҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі Қағидаларының 4 тарауының 4 бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес тендерлік өтінімді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: L02B9P3, Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй.
8.Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету жұмыстарды сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:
9. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, ЖСК: KZ14125KZTL008100100 «ҚР Ұлттық Банкі» РММ, БСН 961041000016, БСК: NBRKKZKX, валюта шоты: теңге, КБе 13;
10. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету қамтылмаған барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген болып тендерлік комиссиямен кері қайтарылады.
11. Тендерлік өтінімді берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы 2 қыркүйек 17 сағат 00 минутқа дейін (қоса есептегенде) мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, №209-кабинет.
Тендерлік өтінімдер 2019 жылғы 3 қыркүйекте 10 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, №209-кабинетте ашылады.
- Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы 28 тамыз 17 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.
12. Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, байланыс телефоны: +7 7112 55-45-35, e-mail: URA_80@nationalbank.kz.
13. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет - ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.
14. Сатып алуды ұйымдастырушы:
1) 2019 жылғы 29 тамыз 17 сағат 00 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
2) Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында www.natiоnalbank.kz. тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.
3) Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.
15. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Тендерлік комиссия хатшысы: Әкімшілік шаруашылық бөлімінің жетекші маман – инженер энергетигі Тохмурзин Айбек Есетович, 8 (7112) 55-45-35, ішкі 2661.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.