1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Үй-жайлардың және ғимараттың күмбезін ағымдағы жөндеуі бойынша жұмыстарды сатып алу

№ п/п: 13231

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 29.08.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 05.09.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен  сатып алу өткізілетіні

туралы хабарландыру

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Z10K8M7 Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үй-жайлардың ағымдағы жөндеуі бойынша жұмыстарды   (бұдан әрі – Жұмыс) сатып алу  өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

2. ҚҚС есепке алмағанда 8 000 000 (сегіз миллион) сомасына бір жұмыс.

3. Техникалық ерекше (жұмыс көлемінің тізімдемесі) Шарттың  қосымшасында қарастырылған.

4. Материалдардың сапасы мемлекеттік  және/немесе хлықаралық стандарттарға сай болуы тиіс.

5. Үй-жайлардың ағымдағы жөндеуі бойынша жұмыстары: Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үйде орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Орталық филиалының ғимаратында  орындалады.

6.Жұмысты толық көлемде орындау Шарт заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күнді құрайды.

Баға ұсыныстарын берудің басталу  мерзімі:  2019 жылғы «29»  тамыз 9 сағат 00 минутта басталады;  баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: 2019 жылғы «05» қыркүйек 18 сағат 00 минутқа дейін, ұсыну орны - Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.

Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні және уақыты –
2019 жылғы «05» қыркүйек 18  сағат 15 минутта, 1.108-кабинет.

7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Қызмет көрсету фактісі дерегімен, №2В нысаны бойынша орындалған жұмыстардың актісі, №КС-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы анықтаманың және шот-фактураның негізінде, №2В нысаны бойынша орындалған жұмыстардың актісіне және №КС-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы анықтамаға  Тараптардың жауапты тұлғалары қол қойған және Жеткізуші құрылыс құнының сметалық есепайырысуын ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ағымында Жеткізушінің банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.

8. Маңызды талаптары, соның ішінде техникалық талаптары көрсетілген Шарттың жобасы қоса берілді.

Қосымша ақпарат:

Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша хабарламада қарастырылған мәліметтер мен құжаттарды құрайтын, әлеуетті  жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар  болған кезде) бекітілген баға ұсынысын ұсынады.

Баға ұсынысы әлеуетті жеткізушімен,  баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу жөніндегі хабарламада көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну аяқталатын күн мен уақытқа дейін бекітілген конвертте ұсынылады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағына келесілерді көрсетеді:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын;

2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін жұмысты сатып алудың атауы көрсетіліп ұсынылады.

Баға ұсыныстары бар конвертті ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат) растауы тиіс.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса);
  • толық деректемелер көрсетілген банктің анықтамасы;
  • бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға