Жиһаз жиынтығын сатып алу
№ п/п: 13269
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 17.09.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.09.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
жиһаз жиынтығын сатып алуды жүргізу туралы
Хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы)), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жиһаз жиынтығың (бұдан әрі – Тауар) сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.
1. Атауы, тауарды жеткізудің қажетті көлемі, сатып алуға бөлінген сома:
|
Лот нөмір |
Тауарлардың (лоттардың) атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Барлық шығыстарды есептегендегі сомасы (теңге) |
|
1 |
Жиһаз жиынтығы |
жиынтық |
1 |
444 375,00 |
|
2 |
Жиһаз жиынтығы |
жыинтық |
1 |
634 125,00 |
2. Тауардың техникалық сипаттамасы және оған қойылатын талаптар, оны жеткізу орны, мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.
3. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3-үй, 405-бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
4. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 17.09. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж. 24.09. сағат 18:00-ге дейін.
5. Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты – 2019ж.25.09. сағат 10:00-де.
6. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда келесі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;
2) жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;
3) Тауарды жеткізу орны мен мерзімдері;
4) ҚҚС есептемегендегі Тауар бірлігі үшін бағасы мен Тауардың жалпы бағасы.
7. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында келесілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
- осы хабарламаның 3-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен пошталық мекенжайы;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Тауарды (лотты) сатып алудың атауы.
8. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін растайтын құжат (бұйрық, сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат) ұсынуы тиіс.
9. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
10. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:8 (7232) 56-06-87, 56-06-85.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.