1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөлікті техникалық тексеру бойынша қызметті қайта сатып алу

№ п/п: 13271

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 17.09.2019 11:15

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.09.2019 11:15

Хабарламаның толық мәтіні:

1.«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137) автокөлікті техникалық тексеру бойынша қызметті баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі:

Автокөлікті техникалық тексеру бойынша қызметті сатып алу, 1 қызмет, бөлінген сома ҚҚС-сыз 19642,86 теңге.

3. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): техникалық тексеруден келесі автокөліктерді өткізу (техникалық тексеру талонын беру): 2003 ж.ш.Камаз-53229 автокөлігіне   м/н H 905AX, 2011 ж.ш., Фолксваген Транспортёр автокөліктеріне – м/н Н337СН, Н340СН.

4. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса) шарт жобасында көрсетілген.

 5.Қызмет көрсету орны: Тараз қаласы аумағында орналасқан стационарлық және мобильдік техникалық байқау желілерінде.

6. Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімдері: 2019 жылғы 01 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 қазанды қоса алғанға дейін.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестілеуге тауар үлгілерін (ол бар болса) ұсынудың басталу мерзімі 17.09.2019 ж.сағат 11:15 және аяқталу мерзімі 24.09.2019ж. сағат 11:15 дейін келесі мекен-жайға табыс етіледі: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы,Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме.

8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны -  24.09.2019 ж. сағат 11:30 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы,Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы, 221 бөлме.

9. Ақы төлеу талаптары: Шарт бойынша төлемді төлеу Қызметті қабылдау - өткізу актісіне (бұдан әрі – Акт) Тараптар қол қойғаннан және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен кейін 10 (он) операциялық күн ішінде жүзеге асырылады.

10.Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы және Қағидалардың 8-қосымшасы қоса беріледі.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) қызметтің атауы;

3) қызмет көрсету мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің біреуінің бағасы және  Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға