Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметін сатып алу
№ п/п: 13273
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.09.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.09.2019 10:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметін сатып алу туралы хабарландыру
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30, электрондық мекенжайы: kuz_80@nationalbank.kz, 8 (7242) 55-15-25 ішкі тел.3161 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызметін сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтің атауы және саны, сатып алу үшін бөлінген сома: Автокөліктерді ерікті сақтандыру бойынша қызмет, сатып алу үшін бөлінген сома – 1 799 926,10 (бір миллион жеті жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз жиырма алты) теңге 10 тиын, ҚҚС-сыз.
3. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген, сатып алынатын көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы: Қысқаша сипаттамасы Шарттың Қосымшасында көрсетілген.
4. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы: Техникалық ерекше нұсқамасы Шарттың қосымшасында көрсетілген.
5. Қызмет көрсетілетін орны: Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30.
6. Қызметті көрсету мерзімдері: Шарт талаптарына сәйкес.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны және соңғы мерзімі: Қазақстан Республикасы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30. Баға ұсыныстарын табыс етудің басталу мерзімі – 2019 жылдың «18» қыркүйекте сағат 09-00 бастап.
Баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталу мерзімі - 2019 жылдың «25» қыркүйекте сағат 10-00 дейін.
8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ашу күні мен уақыты: 2019 жылдың «25» қыркүйекте сағат 11-00. Қазақстан Республикасы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30.
9. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
10. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарттың жобасы: қоса тіркелген.
Әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген баға ұсынысында мына мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
- Көрсетілетін қызмет атауы, саны;
- Қызметті көрсету орны және мерзімі;
- қызметті көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, қызметтің бағасы мен жалпы бағасы, қосымша құн салығын есептемегенде;
- әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген хатқалтаны ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде сырт жағында мыналар болуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта(заңды) мекенжайы;
- тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауы және пошта мекенжайы;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін қызметтің атауы.
Әлеуетті жеткізуші қоса тіркелген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынуға құқығы бар. Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің құзыреттілігін растау керек (жеке куәлігі, бұйрық немесе сенімхат). Шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) қол қойылған шарттың жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) беріледі. Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет- ресурсында орналастырылатын болады. Қосымша ақпаратты 8(7242) 55-15-25, ішкі.3161 телефоны арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.