1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Дизель-генераторға және үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне ттехникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу

№ п/п: 13419

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 09.12.2019 15:20

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 18.12.2019 15:20

Хабарламаның толық мәтіні:

 1.«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137) Дизель-генераторға және үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

        2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтің саны:

Дизель-генераторға және үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне ттехникалық қызмет көрсету, 1 қызмет, бөлінген сома ҚҚС-сыз 1068750,00 теңге.

         3. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы,Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, 137А «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы.

  4. Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімдері: 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін.

         5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 09.12.2019ж. сағат 15:20, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 18.12.2019ж. сағат 15:20 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

        6. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты -  18.12.2019 ж. сағат 15:50.

        7. Төлем жасау тәртібі: Төлем нақты көрсетілген Қызмет үшін Тапсырыс беруші шот–фактураны алғаннан кейін және Тараптар көрсетілген қызметті қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеткізушінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

        8. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) қызметтің атауы;

3) қызмет көрсету мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің біреуінің бағасы және  Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға