1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жанармай сатып алу

№ п/п: 13418

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.12.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 20.12.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды

өткізу туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент филиалы, 160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жанармай сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.

 

  1. Сатып алу үшін бөлінген сома және тауардың саны:

  Лот №1 АИ-92 жанармайы саны 1140 литр сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын   есептемегенде 154 378,80 (Бір жүз елу төрт мың үш жүз жетпіс сегіз теңге 80 тиын) теңге.

Лот №2 АИ-95 жанармайы саны 1490 литр сатып алу үшін бөлінген сомма ҚҚС соммасын есептемегенде 222 606,00 (Екі жүз жиырма екі мың алты жүз алты теңге 00 тиын) теңге.

  1. Ұлттық стандарт, мемлектаралық немесе халықаралық стандарт сәйкес сатып алатын тауардың қысқаша сипаттамасы: АИ-92 және АИ-95 жанармайы, МЕМС 32513-2013 стандартына сәйкес болуы тиіс
  2. Сатып алынатын тауардың техникалық ерекшеліктері: Шарт жобасындағы №1 Қосымшада (техникалық ерекше) көрсетілген.
  3. Тауарды жеткізу орыны:  Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат.
  4. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі:  Тауар (талондарды) жеткізу Тапсырыс берушіден өтінім алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады. Қабылдау-өткізу актісі Тапсырыс берушімен белгіленген нысан бойынша жасалады.
  5. Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі – 2019 жылғы 10 желтоқсан сағат 10:00-ден 18:00 дейін, баға ұсыныстарын  ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 20 желтоқсан сағат 15:00-ге дейін.
  6. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: Баға ұсыныстары бар конверттер  Шымкент қ., Төреқұлов көш. 2 ғимарат, мекенжайы бойынша 2019 жылғы 20 желтоқсан  сағат 15:30-ден бастап ашылатын болады.
  7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемді екі Тараптың уәкілетті өкілдері Тауар жеткізуді қабылдау - өткізу актісіне қол қойған және Жеткізуші ақы төлеуге арналған құжаттарды  (жүк құжаттамасы, шот-фактура) ұсынған күннен бастап 7 (жеті) операциялық күннің ішінде Жеткізушінің шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.
  8. Маңызды талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.
  9. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын нысан бойынша (баға ұсынысының нысаны қоса беріледі) табыс етеді, онда мына мәліметтер мен құжаттар қамтылады:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) жеткізілетін тауардың атауы  және саны;  

  3) жеткізілетін тауардың орны және мерзімі;  

4) тауардың бір бірлігінің құны және тауарды жеткізуге байланысты шығындар  қосылған  жалпы құны.

 5) банктік деректемелері.

  1. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында 

1) әлеуетті жеткізушінің атауын  және пошталық мекенжайын;

      2) сатып алуды  ұйымдастырушының атауын  және пошталық мекенжайын көрсетеді.

  1. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстары бар конвертін ұсынушы өкілі өзінің өкілеттілігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат) растауы тиіс.
  2. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
  3. Қосымша ақпаратты   8 (7252)  997921, 997920 телефоны арқылы алуға болады.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға