2020 жылға тіркелетін пошталық жіберілімдерді жіберу қызметтерін сатып алу
№ п/п: 13399
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.12.2019 18:20
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды
өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті арқылы (Қазақстан Республикасы, A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8 (727) 2704-550, 2704-646) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2020 жылға тіркелетін пошталық жіберілімдерді жіберу қызметтерін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
1. Жіберілетін хат-хабардың болжамды көлемі:
- ҚР бойынша – жылына 3 700 (үш мың жеті жүз) пакет, пакеттердің болжамды салмағы - 20 гр. бастап 1 кг. дейін;
- ТМД және алыс шетел аумағы бойынша - жылына 370 (үш жүз жетпіс) пакет, пакеттердің болжамды салмағы - 20 гр. бастап 1 кг. дейін.
Сатып алу үшін бөлінген жалпы сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 1 995 616,07 теңге.
2. Сатып алынатын қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
Тапсырыс берушінің орталық аппараттың, Алматы қалалық филиалының тіркелетін пошталық жіберілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Шартта көзделген талаптармен, төменде көрсетілген тарифтерге және мерзімдерге сәйкес жіберу қызметтері.
3. Қызмет көрсету орны: A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй; A05BOY8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67.
Қызмет көрсетудің жоспарланған мерзімдері төменде көрсетілген.
|
р/с № |
Тіркелетін пошталық жіберілімдерді жіберу (адресаттарға жіберілімдерді жеткізу) бойынша қызметтер көрсету мерзімдері |
|
1. |
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша - 9 жұмыс күнінен артық емес (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады) |
|
2. |
ТМД елдері бойынша – 7 жұмыс күнінен артық емес (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады) |
|
3. |
Алыс шетелдегі елдер бойынша – 8 жұмыс күнінен артық емес (Жеткізушінің Тапсырыс берушіден Жіберілімдерді алғаннан кейінгі келесі күн жеткізудің басталуы болып саналады) |
4. Қызмет көрсету кезеңі – Шарт күшіне енген күннен бастап бірақ 01 қаңтардан ерте емес, 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығы.
5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы 3 желтоқсан сағат 09:00-дан, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 9 желтоқсан сағат 18:20-ге дейін.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05BOY8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй, тел. 8 (727) 2704-550, 2704-646.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 9 желтоқсанда мынадай мекенжай бойынша: A05BOY8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй, №330 бөлмеде 18 сағат 20 минутта ашылады.
7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптары көрсетілген, қазақ және орыс тілдеріндегі Тіркелетін пошталық жіберілімдерді жіберу бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарттың жобасы қоса беріліп отыр.
9. Қосымша ақпарат
Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар – Қазақстанда дамыған филиал желісінің болуы, Қазақстан нарығында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, ұйымның Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың қатарында тұрмағандығы туралы растама.
Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын беруге құқылы.
Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарламада көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну аяқталатын уақытқа және күнге дейін мөр басылған конвертте баға ұсынысын ұсынады.
Мөр басылған конверттің беткі жағында мыналар көрсетіледі:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық (заңды) мекенжайы;
2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және пошталық мекенжайы;
3) сатып алынатын қызметтердің атауы, оған қатысу үшін баға ұсынысы ұсынылады;
Баға ұсынысы салынған конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттіктерін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке куәлік) растауға тиіс.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz мекенжайы бойынша орналасқан.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында мынадай мәліметтер болуға тиіс:
- атауы, БСН, заңды және нақты мекенжайы;
- әлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері;
- қызметтің атауы және сипаты;
- қызмет көрсету орны және мерзімдері;
- оған қосылған шығыстар туралы мәліметтер көрсетіле отырып, біреуінің бағасы.
Шартқа қол қоюдың талап етілген мерзімі – жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұсынады.
Шартқа қол қою кезінде Жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынбаса);
• Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындауға арналған бұйрық.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.