1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13401

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 04.12.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 10.12.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, мекенжайы: 030006, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сома көрсетілген тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі: автокөлікті ерікті сақтандыру, сатып алуға бөлінген сома  ҚҚС есептемегенде 1 829 256,10 теңге (бір миллион сегіз жүз жиырма тоғыз мың екі жүз елу алты теңге 10 тиын).

3. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекше нұсқама (ол болған кезде): Шарт жобасына № 1-қосымша.

4. Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны: ҚР, 030006, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй.

5. Тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері: Cақтандыру қорғауы 2020 жылғы "01"қаңтар - 2020 жылғы "31"желтоқсан  (екеуін де қоса алғанда) аралығындағы мерзімде 12 ай бойы қолданылады және сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын банк шотына немесе Сақтандырушының кассасына төлеген күннен кейінгі күнгі 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестілеуге тауар үлгілерін (ол болған кезде) ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылғы 04 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап, 2019 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17:30-ға дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап.

8. Ақы төлеу талаптары: Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушы ұсынған шот-фактура негізінде ай сайынғы сақтандыру жарналары түрінде тең үлеспен ағымдағы айдың 25-нен (жиырма бес) кешіктірмей, Сақтандырушының банк шотына ақша аудару  арқылы   төлеуді жүзеге асырады.

9. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.  

10. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

1) әлеуетті  жеткізушінің толық атауын  және пошта мекенжайын;

2)  тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын  және пошта мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

11. Өткізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz орналастырылады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға