Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша қызметтерді сатып алу
№ п/п: 13444
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.12.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қ.) атынан Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Қызметті Жеткізуші Шарт күшіне енген күннен бастап және 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін қажеттілігіне қарай толық көлемде көрсетеді. Сатып алуға бөлінген сома- ҚҚС-сыз 438 750 (төрт жүз отыз сегіз мың жеті жүз елу) теңге 00 тиын.
3. Қызметтерді Жеткізуші тіркелетін пошта жөнелтімдерін хабарламамен жіберу бойынша ұсынады, олар: Тапсырыс берушінің хат-хабарламасын қабылдау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша жеткізу.
4. Техникалық ерекшелік шарт жобасында №1, №2,№3 қосымшаларда қарастырылған.
5. Қызметті Жеткізуші толық көлемде Жеткізушінің мекенжайы бойынша көрсетеді.
6. Қызмет көрсету мерзімі шарт жобасында №1 қосымшада көзделген.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынысын беруді бастау мерзімі – 2019ж. 18 желтоқсан, сағат 09:00 бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі –2019ж. 24 желтоқсан, сағат 18-00 дейін, ұсыну орны - Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, 1.104.-каб.
Баға ұсыныстарын ашу–2019ж. 24 желтоқсан, сағат 18-15, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, 1.104-каб.
8. Төлем шарттары - Тапсырыс беруші алдын ала төлем шотын алған күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде Жеткізушінің банктік шотына шарт бағасының 100% (жүз) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем сомасын аударады. Жеткізуші Тапсырыс берушіге корпоративтік карточка бере отырып, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу жүргізілетін алдын ала төлем сомасын дербес шотқа аударады.
9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы қоса беріледі.
10. Сатып алулар жалпы сомаға жүзеге асырылатын болады. Әлеуетті Жеткізушіні таңдау техникалық ерекшелікке сәйкес (Шарт жобасына №1,№2,№3 қосымшалар) Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін, Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарына дейін және Нұр-сұлтан қаласынан ТМД елдеріне дейін хат-хабарларды өткізудің ең аз мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен ТМД шегінде хат-хабарларды жіберу жөніндегі қызметтерге арналған ең аз тарифтер бойынша айқындалатын болады.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті Жеткізуші Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері шегінде хабарламасы бар тіркелетін пошта жөнелтімдерін (тапсырыс хаттар мен бандерольдер) жіберу бойынша тарифтерді қоса бере отырып, әлеуетті Жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған жағдайда) қоса берілген үлгі бойынша 1 (бір) баға ұсынысын ғана береді.
Әлеуетті Жеткізуші ұсынған баға ұсынысына баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Баға ұсынысын әлеуетті Жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етуді аяқтау уақыты мен күніне дейін желімделген конвертте береді.
Әлеуетті Жеткізуші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағына:
1) әлеуетті Жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын;
2) Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы мен пошталық мекенжайын);
3) қатысу үшін баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтің атауын көрсетеді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті Жекізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен растауы тиіс (бұйрық, сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат).
Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Шартқа қол қойған кезде Жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
• Толық деректемелері көрсетілген банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.