Иондаушы сәулеленуді тудыратын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13446
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.12.2019 12:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 26.12.2019 12:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы, мекенжайы: S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен иондаушы сәулеленуді тудыратын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу үшін бөлінген сомалар, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 (бір) қызмет, ҚҚС-сыз 1 300 000,00 (бір миллион үш жүз мың) теңге 00 тиын.
3. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы:
Иондаушы сәулеленуді тудыратын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
4. Сатып алынатын қызметтің ерекше нұсқамасы Техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).
5. Қызметті көрсету орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй.
6. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімдері: 2020 жыл ішінде 2 (екі) рет (мамыр және қараша), Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы «18» желтоқсан сағат 12.00-ден бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі мен уақыты: 2019 жылғы «26» желтоқсан, сағат 12.00-ге дейін. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 310-кабинет.
9. Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны: 2019 жылғы «26» желтоқсан , сағат 12.00-де мына мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй.
10. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына 8-қосымша қоса беріледі.
11. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылатын қызметке техникалық ерекше нұсқаманы ұсынуға тиіс.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, қол қойылған бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2) ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
3) осы қызмет түрі үшін лицензия;
4) толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;
5) әлеуетті жеткізуші қол қойған Қызметке техникалық ерекше нұсқама.
Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуіге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етудің аяқталатын мерзіміне дейін пошта арқылы немесе жабық конвертте баға ұсынысын ұсынады. Баға ұсынысы салынған жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7182) 70-44-31.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.