Негізгі құрал-жабдықтарды сақтандыру бойынша қызмет
№ п/п: 13443
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.12.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен негізгі құралдарды сақтандыру бойынша Қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС-сыз 604 556 (алты жүз төрт мың бес жүз елу алты) теңге, 59 тиын.
3.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі Орталық филиалының (Нұр-Сұлтан қ.) негізгі құралдарын сақтандыру бойынша Қызмет. Қызмет көрсету орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй. Талап етілетін қызмет көрсету мерзімдері: Сақтандыру қорғанысының іске асырылу кезеңінде, Шарт күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан бойынша (қоса алғанда) бірінші сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда, нақты мүлікке қатысты іске асырылады.
4. Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекшеліктері шарт жобасының қосымшасында көзделген.
5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 18 желтоқсанда 9 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 ж. 24 желтоқсанда 18 сағат 00 минутқа дейін, ұсыну орны – Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.
Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны – 2019ж. 24 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104 - кабинетте ашылады.
6. Маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы (қоса берілді.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті сақтандырушы хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды құрайтын, әлеуетті сақтандырушының қолымен және мөрімен (бар болғанда) бекітілген қоса берілген нысан бойынша бір ғана баға ұсынысын ұсынады.
Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті сақтандырушы ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті сақтандырушы өзінің баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну күні мен уақыты аяқталғанға дейін желімделіп жапсырылған конвертте ұсынады.
Әлеуетті сақтандырушы баға ұсынысы бар желімделіп жапсырылған конверттің бет жағына:
1) әлеуетті сақтандырушының атауын және пошталық мекенжайын;
2) сақтанушының (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті сақтандырушының баға ұсынысы ұсынылған сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Сақтандырушы шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:
• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
• толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
• бірінші басшыны тағайындау бұйрығының;
• сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.