Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13442
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 23.12.2019 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалы, R00B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй, электрондық мекенжайы: mang_80@nationalbank.kz, 8 (7292) 701-500 ішкі тел.3250 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметті сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын қызметтің атауы және саны, сатып алу үшін бөлінген сома:
Автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтің саны - 1 қызмет, сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС-сыз 1 059 180 тенге 59 тиын (бір миллион елу тоғыз мың бір жүз сексен теңге 59 тиын);
3. Қызметті көрсету орны: Қазақстан Республикасының аумағы.
4. Қызмет көрсету мерзімі: Сақтандыру нысының қолданылу кезеңі Тараптардың Шартқа қол қойған күнінен басталады, бірақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес белгіленеді және 2020 жылғы 31 желтоқсан сағат 24-00-ге дейін қоса алғанда, тәулігіне 24 сағат әрекет етеді.
5. Әлеуетті жеткізушілердің ақтық баға ұсыныстарын жеткізу мерзімі және орны, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, R00B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй. Баға ұсыныстарын табыс етудің басталу мерзімі – 2019 жылдың 13 желтоқсанында сағат 09-00.
Баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталу мерзімі - 2019 жылдың 23 желтоқсанында сағат 17-30.
Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ашу күні мен уақыты: 2019 жылдың 24 желтоқсанында сағат 09-00, Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй, 201 кабинет.
6. Төлем талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
7. Сатып алу туралы Шарттың жобасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына 8 қосымша маңызды талаптарын көрсетумен қоса берілген.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша хабарландыруда көзделген мәліметтер мен құжаттар бар тек қана 1 (бір) баға ұсынысын береді.
Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына ұсыну мерзімі аяқталған соң өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын жабылған хатқалтада баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күніне дейін ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық хатқалтаның сырт жағына:
1) Әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын;
2) Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтің атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
• Деректемелер толығымен көрсетілген банктің анықтамасы;
• Бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық;
• Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясы.
Қосымша ақпаратты 8(7292) 701-500, ішкі.3250,3251,3210 телефоны арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.