1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөліктерді ерікті сақтандыру қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13436

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.12.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.12.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі, 195 баға ұсыныстарын сұрату әдісімен  автокөліктерді ерікті сақтандыру қызметтерін сатып алу туралы хабарлайды және сізді осы сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алуға бөлінген соманы көрсетіп, көрсетілетін қызметтер саны: ҚРҰБ Қостанай филиалының автокөліктерді ерікті сақтандыру, бір қызмет, сатып алуға бөлінген сома, ҚҚС есебінсіз 1 190 663,80 теңге;

3. Сатып алынатын қызметтердің қысқаша сипаттамасы: Шарт  талаптарына сәйкес ҚРҰБ Қостанай филиалының автокөліктерді ерікті сақтандыру.

4. Қызметті көрсету орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

      5. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі: Сақтандыру қорғауының іс-әрекет мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады және 2020 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда сағат 24-00 дейін, тәулігіне 24 сағат    әрекет етеді.

     6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны, басталу және аяқталу мерзімі:  баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі 2019 жылғы 13 желтоқсан, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін баға ұсыныстарын берудіңаяқталу мерзімі 2019 жылғы 24 желтоқсаннан 10-00-ге дейін. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынатын орны Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі, 195, № 306 кабинет.

     7. Баға ұсыныстарын ашу орны және күні, уақыты:  2019 ж. «24» желтоқсан  күні сағат 10.10 болады, Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі, 195, № 306 кабинет.

     8. Төлем жүргізу  талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

     9. Сатып алу туралы шарттың жобасы маңызды талаптарды көрсетумен қоса беріледі.

 Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын беруі, сатып алу туралы шарттың жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес тауар жеткізуге, жұмыстарды орындауға, талаптарды сақтай отыра  қызметтер көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әрбір әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын хабарламада көрсетілген ақпаратты (құжаттарды) қоса бере алады.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру уақыты мен күніне дейін ұсынылады.

Егер баға ұсынысы конвертте ұсынылса, әлеуетті жеткізуші мөр басылған конверттің алдыңғы жағында:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық мекен-жайы;

2)  сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекен-жайы;

3) Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы беруге қатысу үшін лоттың атауы.

Сатып алу қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (714-2) 990-927. (ішкі 3626).

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға