Автокөлікті (Toyota Corolla) ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы
№ п/п: 13308
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 07.10.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 11.10.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті (Toyota Corolla) ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы
Хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікке (Toyota Corolla) ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды (бұдан әрі – Жұмыстар) сатып алуды жүргізуі туралы хабарлайды.
1. Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 1 116 442,00 теңгені құрайды.
2. Жұмыстардың техникалық сипаттамасы және оған қойылатын талаптар, оны орындау орны, мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.
3. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3-үй, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
4. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 07.10. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж.11.10. сағат 18:30-ге дейін.
5. Баға ұсынысының ашудың күні және уақыты – 2019ж.14.10. сағат 11:00-де.
6. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда мынадай мәліметтер мен құжаттар болуы керек:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;
2) орындалатын Жұмыстардың атауы және сипаттамасы;
3) Жұмыстарды орындау орны мен мерзімдері;
4) ҚҚС есептемегендегі Жұмыстардың бағасы.
7. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында мыналар көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
- осы хабарландырудың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Жұмыстарды (лотты) сатып алудың атауы.
8. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке бас куәлігі) растауы тиіс.
9. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
10. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 560-687, 506-685.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.