Автокөлігіне техникалық қызмет көрсету (Арнайы камаз) бойынша сатып алу
№ п/п: 13304
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 02.10.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 08.10.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету (Арнайыкамаз) бойынша қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
Сатып алуға бөлінген сомасы, көрсетілген Қызметтің көлемі және Қызметтің қысқаша сипаттамасы:
Камаз 53229 автокөлігіне техникалық қызмет көрсету, сатып алуға бөлінген сома - ҚҚС есепке алмағанда 80 357 (сексен мың үш жүз елу жеті) теңге 14 тиын.
Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекшеліктері қоса беріледі.
Қызмет көрсету орны – Жеткізушінің тұрған жері бойынша көрсетіледі, Нұр-Сұлтан қаласында.
Қызмет көрсетуге талап етілетін мерзімдер: Жеткізуші Қызметті автокөлікті қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде көрсетеді.
Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «02» қазан 09:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі - 2019 жылғы «08» қазан 18:00 сағатқа дейін, ұсыну орны - Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.
Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы «08» қазан, 18 сағат 20 минутта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинетте.
Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары толық көлемде көрсетілген Қызмет актісіне қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Қызмет көрсету дерегі бойынша Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.
Маңызды талаптары, соның ішінде техникалық ерекшеліктер көрсетілген шарттың жобасы қоса берілді.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, ол келесі мәліметтер мен құжаттардан тұрады.
Сондай ақ, әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекшеліктер қоса беріледі.
Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:
Заңды тұлғалар үшін:
• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
• толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
• бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Жеке кәсіпкерлер үшін:
- тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке кәсіпкер үшін);
- толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
- жеке куәліктің;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің (егер салық салынса)
көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.