1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қостанай филиалының аумағы ішіндегі жылу трассасына автономиялық резервтік пункті, күзет пункті мен гараждардың жылу жүйелерін техникалық күйін зерттеу бойынша қызметін сатып алу

№ п/п: 12912

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 04.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.01.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

      1. Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы - «ҚР Ұлттық банкі» РММ Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қ, Баймағамбетов көшесі, 195, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен  Қостанай филиалының аумағы ішіндегі жылу трассасына автономиялық резервтік пункті, күзет пункті мен гараждардың жылу жүйелерін техникалық күйін зерттеу бойынша қызметін  сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

      2.  Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, көрсетілетін қызметтің көлемі.

Қызмет, сатып алуға бөлінген сома ҚҚС-сыз 1 543 183,04 теңге.

      3. Сатып алынатын қызметтің атауы: Қостанай филиалының аумағы ішіндегі жылу трассасына автономиялық резервтік пункті, күзет пункті мен гараждардың жылу жүйелерін техникалық күйін зерттеу.

     4. Қызметтің көрсетілетін орны: 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к., 195;

     5. Қызметтің көрсетуге талап етілетін мерзімдері: екі жақты Тараптармен  Шартқа қол қойылғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік аралығында.

    6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 ж. «04» қаңтарда 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау мерзімі  2019 ж. «15» қаңтардың  10:00-ге дейін;

     7.  Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 ж. «15» қаңтардың  күні сағат 10.10, Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195, №306- кабинетте.

       8.  Ақы төлеу талаптары. Шарт талаптарына сәйкес.

       9. Маңызды талаптарын көрсетілген шарттың жобасы қоса беріледі.

      10. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы нысандағы (8 нысан) мәліметтерге сәйкес болуы тиіс және ұсынлуы тиіс:

   а) Бірінші жауапкершілік деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі гимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зетттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына аккредитациялау туралы құжаттың көшірмесін;

   б) банктық деректемелері.

     11.  Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

     12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы салынған жабық конверттің алдыңғы бетінде  көрсетеді:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

  13. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің http://www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылатын болады.

Тел. (8714-2) 990-927. IP .3625,3626.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға