1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Елтаңбаларды сатып алу

№ п/п: 12918

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 09.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.01.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

 

F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен елтаңбаларды сатып алуды (бұдан әрі – Тауар) жүргізуі жөнінде хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.

 

  1. Тауардың атауы, талап етілетін жеткізу көлемі, сатып алуға бөлінген сомасы:

 

Лот

нөмірі

Тауар (лот) атауы

 

Сатып алу

көлемі,

дана

ҚҚС есептемегенде сатып алуға бөлінген сома, (теңге)

1

Мемлекеттік елтаңба, 2000 мм

1

2 520 000

2

Мемлекеттік елтаңба, 1000 мм

1

262 500

3

Мемлекеттік елтаңба, 500 мм

1

59 850

 

Тауарға қойылатын талаптар, Тауарды жеткізу мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.

2. Тауар сапасы Қазақстан Республикасындағы қолданылып жүрген стандарттарға және Шарт талаптарына сәйкес  болуы қажет.

3. Тауарды жеткізу орны: F02D8A4, ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3

4. Тауарды жеткізу мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап 

күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде.

5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3-үй, 601-бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

6. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 09.01. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж.15.01.  сағат 18:00-ге дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашудың күні және уақыты – 2019ж.16.01. сағат 11:00-де.

8. Әлеуетті жеткізуші қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда келесі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;

2) Тауар атауы, сипаттамасы;

3) Тауарды жеткізу орны мен мерзімдері;

4) ҚҚС есептемегенде Тауар бағасы.

9. Баға ұсынысы желімделген конвертте беткі жағында мыналар көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
  2. осы хабарламаның 3-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алулар тапсырыс берушісінің (ұйымдастырушының) атауы мен пошталық мекенжайы;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын лот атауы.

 

10. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз  өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат) тиіс.

 

11. Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

 

12. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 560-686.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға