1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бағдаршам объектісіне техникалық қызмет көрсету қызметін сатып алу

№ п/п: 12920

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.01.2019 11:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.01.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, А05G1D2, Алматы қ., Панфилов көш., 98-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2619-204 ішкі 5445,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен  бағдаршам объектісіне техникалық қызмет көрсету қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Бағдаршам объектісіне техникалық қызмет көрсету қызметі (бұдан әрі – Қызметтер) ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алу үшін бөлінген  сома -  771 562,50 теңге.

3. Көрсетілетін Қызметтерге толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (шартқа қосымша). 

4. Қызметтерді орындау орны  –  A15C9T5, Алматы қ., Сәтбаев көшесі Мүсірепов бульварының қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан бағдаршам объектісі.

5. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеу Шарттың 15-бөлігінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына Тараптардың уәкілетті өкілдері тиісті тоқсанда көрсетілген Қызмет актісіне қол қойған және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап операциялық 10 (он) күн ішінде тоқсан сайын нақты көрсетілген Қызмет үшін ақша аудару жолымен жүргізіледі.

6. Қызметтер көрсету мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 10 қаңтардың  11 сағат 00 минут бастап.  

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 17 қаңтардың 11 сағат 00 минут дейін. 

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, 207 кабинет.   

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 17 қаңтардың  12  сағат 00 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, мекенжайында 207 кабинетте ашылады. 

11. Бағдаршам объектісіне техникалық қызмет көрсету қызметін сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1.  Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3)  әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға