1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

АИ–95 және АИ-92 жанармайын сатып алу

№ п/п: 12922

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.01.2019 16:20

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 18.01.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қостанай филиалы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен №1 Лот АИ-95 жанармайын және №2 Лот АИ-92 жанармайын сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі.

№1 Лот АИ-95– 3300 литр  (талондар),  сатып алуға бөлінген сома - 574 200,00  теңге, ҚҚС-сыз;

№2 Лот АИ-92– 8400 литр  (талондар),  сатып алуға бөлінген сома   1 302 000,00  теңге, ҚҚС-сыз;

Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандартта  көрсетілген, сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы –АИ-95 және АИ-92 маркалы жанармайы, МС 32513-2013;

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы - АИ-95 және АИ-92 маркалы жанармайы, талондардың мерзімі екі жақ тараптар тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін  қолданылады.

Тауарды жеткізу  орны:  Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195;

Тауарды жеткізуге талап етілетін мерзімдері: тауарды жеткізу мерзімі шарт жобасының талаптарына сәйкес; 

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 ж. «11» қаңтар 9:00-ден 18:00-ге дейін, баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау мерзімі – 2019. ж. «18» қаңтар10:00-ге дейін;

Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны:  2019  жылғы 18 қаңтар сағат 10:10-де, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, № 306 каб.

Ақы төлеу талаптары: шарт жобасының  талаптарына сәйкес тауарды жеткізу факті бойынша ақы төленеді.

Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары көрсетілген шарт жобасы.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында келесі мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) жеткізілетін тауардың  атауы, сипаттамасы және саны.

3) тауарды жеткізу орны мен мерзімдері;

4) тауардың бірлік құны және жалпы құны, тауарды жеткізумен байланысты шығындарды оған қосқанда.

Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Әлеуеттік жеткізуші баға ұсынысымен жабық конверттің алдыңғы бетінде: 

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және почта (заңды) мекенжайы;

2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілгенге сәйкес мәліметтер тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және почталық мекенжайы;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын ұсынуға қатысуға арналған сатып алынатын тауардың атауы.

Тел.  (8714-2) 990-910.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға