1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚРҰБ логотипі бар футболкалар мен бейсболкаларды сатып алу

№ п/п: 12921

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.01.2019 14:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.01.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, A15C9T5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-043,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен  ҚРҰБ логотипі бар футболкалар мен бейсболкаларды (бұдан әрі – Тауарлар) сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Тауардын саны және сатып алу үшін бөлінген жалпы сома ҚҚС сомасын есептемегенде:

ҚРҰБ  логотипі бар футболка -200 дана, жалпы сома -  1 357 142 теңге 00 тиын;

ҚРҰБ  логотипі бар бейсболка - 200 дана, жалпы сома -  1 267 858 теңге 00 тиын.

3.Тауарды жеткізу орны: Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй.

4. Тауарды жеткізу мерзімі - Шарт күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде.

5. Сатып алынатын Тауарға, орындалатын Жұмыстарға, көрсетілетін Қызметтерге толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (шартқа қосымша).  

6. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші іс жүзінде жеткізілген Тауар санына ақы төлеуді Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банк шотына Тараптардың уәкілетті тұлғалары Тауарды толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, 219 кабинет.    

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы:
2019 жылғы 10 қаңтардың 14 сағат 00 минут.    

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 17 қаңтардың  15 сағат 00 минут.  

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 17 қаңтардың 15 сағат 30 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, мекенжайында 204 кабинетте ашылады.  

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 8-қосымша қоса беріліп отыр.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған тауардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

2. баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

Заңды тұлғалар үшін: • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; • ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік; • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы; • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

Дара кәсіпкер үшін: • ДК тіркеу туралы куәлік; • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы; • Жеке куәлігі; • ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік.

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға