1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтерін тендер тәсілімен сатып алу бойынша хабарландыру

№ п/п: 12930

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 14.01.2019 19:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.01.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жоспарлау және бюджет басқармасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: a_asel@nationalbank.kz, тел. 8 727 2788 042, ішкі 5623, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын  аспаптар  мен  қондырғыларға техникалық қызмет көрсету  және  жөндеу бойынша қызметтерін сатып алу бойынша тендер талаптарымен тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

1. Қызметтердің атауы, көлемі және сатып алуға бөлінген сомалары осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Қызметтердің техникалық ерекше нұсқамалары осы тендер талаптарының 2-қосымшаcында көрсетілген.

3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттардың жобалары осы тендер талаптарының 3 қосымшасында көрсетілген.

4. Қызметтерді көрсету орны шарттың жобаларында көрсетілген.

5. Қызметтерді көрсету мерзімдері шарттың жобаларында көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді тапсыру және рәсімдеу тәртібі, Қағидалардың 4 бөлімнің 4 тарауында көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет басқармасы, 303 каб.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Қызметтерді сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

- қазақстандық теңге төлемдері үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941 240 001 151, ЖСК KZ86125KZT5004100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСК NBRKKZKX, Бек 13;

- Ресей рублімен төлемдері үшін: бенефициар банкі: Мемлекетаралық банк, Мәскеу қ., БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ЖСН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; бенефициар банкі: ПАО Сбербанк России, Мәскеу қ., БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ЖСН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 30111810500000000124;

- АҚШ доллары төлемдері үшін: бенефициар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, SWIFT: BRKKZKX, бенефициар банкі: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;

- Еуро төлемдері үшін: бенефициар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, SWIFT: BRKKZKX, бенефициар банкі: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX, ACCOUNT: 100 9498775 0000; бенефициар банкі: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039.

6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «25» қаңтар 10 сағат 00 минут дейін (қоса есептегенде).

7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «25» қаңтар 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, 302/2 каб. ашылады.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «18» қаңтар 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет басқармасы, 303 каб., тел. 8 727 2788 042, ішкі 5623, электрондық пошта мекенжайы – a_asel@nationalbank.kz.

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;

2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «22» қаңтар 10 сағат 00 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 727 2788 042, ішкі 5623

Тендерлік комиссия хатшысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жоспарлау және бюджет басқармасы сатып алу бөлімінің бас маманы – Айманбетова Әсел Бағжанқызы.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға