1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Құрылымдық кабель желісін жетілдіру жөніндегі қызметтерді сатып алу

№ п/п: 12933

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 17.01.2019 11:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 24.01.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

  1. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, 040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64, Электрондық мекенжайы:  Tald_80@nationalbank.kz. Телефон: 8(7282) 55-95-08, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен құрылымдық кабель жүйесін (ҚКЖ) жетілдіру жөніндегі қызметтерді сатып алудың өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатусыға шақырады.
  2. Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген қызметтердің көлемі: шарттың техникалық ерекше нұсқамасына сәйкес құрылымдық кабель жүйесін (ҚКЖ) жетілдіру қызметі – Шарттың техникалық ерекше нұсқамасына сәйкес бір қызмет көрсету. ҚҚС сомасын есептемегендегі Қызмет сатып алуға сомасы 1 053 805 (бір миллион елу үш мың сегіз жүз бес) теңге 20 тиын.
  3. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (болған кезде) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: ҚКЖ жетілдіру (40 жұмыс орнын ұйымдастыру), бір жұмыс орынның құрамы: 2 ақпараттық розетка, 3 электр қуаттандыру розеткасы,  UTR 6 АЕ санатты кабель.
  4. Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (болған кезде). Әлеуетті жеткізушіге толтырылған Техникалық нұсқамасы Шарт жобасына 1-қосымшасында көрсетілген.
  5. Тауар үлгілерін тестілеу бағдарламалары (болған кезде).: Қызмет көрсету кезінде Жеткізушінің пайдаланатын тауардың үлгілеріне тестілеу Тапсырыс беруші өкілінің қатысуымен өткізіледі, бұл ретте Жеткізуші өз жабдықтарын қолданады.
  6. Қызметті көрсету орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64.
  7. Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімдері: Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің өкілдері Шартқа қол қойған күннен бастап  күнтізбелік 60 (алпыс) күн.
  8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі:

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі -2019 ж. 17 қаңтар,  сағат 11:00. бастап

Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі- 2019 ж. 24 қаңтар,  сағат 11:00. дейін

  1. Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты: 2019 ж. 24 қаңтар,  сағат 12:00.
  2. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырады:

Тапсырыс беруші Жеткізушіге Шарттың жалпы сомасының 10 % (он) пайыз мөлшерінде алдын ала төлемақыны Шартты жасасқан күннен бастап 10 (он) жұмыс ішінде;

осы Шарт бойынша Қызметтің жалпы құнынан   қалған 90% (тоқсан пайыз) мөлшерін Тапсырыс беруші Тараптар Қызметті толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі-Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактура мен төлем шотын ұсынған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде.

  1. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.  Бұл ретте әлеуетті жеткізушілерсатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келісімін беру тиіс.

Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныс хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсынысының аяқталуына дейінгі күнде және уақытта берілуі тиіс.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесті сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында сатып алатын қызметтердің атауы.

баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келемеген жағдайда, сондай-ақ конверттерді ұсыну мерзімінен кейін ұсынылған жағдайда тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы егер:

  1.  баға ұсынысы сатып алуға бөлінген сомадан артық болса;
  2.  әлеуетті жеткізуші 1 (бірден) артық  баға ұсынысын ұсынса;
  3.  әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқамасының талаптарына сәйкес келмесе;
  4.  әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқамасын ұсыну туралы талап болған кезде оны ұсынбаса;
  5.  әлеуетті жеткізушінің сатып аалу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;

 әлеуетті жеткізуші сатып алуға жозықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса қабылданбайды

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға