1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметті қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 12931

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.01.2019 15:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 22.01.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалы, R00B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй, электрондық мекенжайы: mang_80@nationalbank.kz, 8 (7292) 701-500 ішкі тел. 3250, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметті қайта сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтің атауы және саны, сатып алу үшін бөлінген сома:

Автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтің саны - 1 қызмет, сатып алу үшін бөлінген сома  – 1 202 275 тенге 95 тиын (бір миллион екі жүз екі мың екі жүз жетпіс бес теңге 95 тиын), ҚҚС-сыз;

3. Қызметті көрсету орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

4. Қызмет көрсету мерзімі: Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі Тараптардың Шартқа қол қойған күнінен бастап белгіленеді және 2019 жылғы 31 желтоқсан сағат 24-00-ге дейін, тәулігіне 24 сағат әрекет етеді.

5. Әлеуетті жеткізушілердің ақтық баға ұсыныстарын жеткізу мерзімі және орны, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны:  Қазақстан Республикасы, R00B0F9, Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй.  Баға ұсыныстарын табыс етудің басталу мерзімі – 2019 жылдың 15 қаңтарында сағат 15-00  бастап.

Баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталу мерзімі - 2019 жылдың  22 қантарында сағат 15-00 дейін.

Баға ұсыныстары бар конвертті ашу күні мен уақыты: 2019 жылдың 22 қантарында сағат 15-30. Қазақстан Республикасы, R00B0F9 Ақтау қ., 23 шағынаудан, 26 үй, 201 каб.

6. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

7. Сатып алу туралы Шарттың  жобасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі - № 192 Қағида) 8 қосымша маңызды талаптарын көрсетумен қоса берілген.

 

 

 

 

 

Өзге ақпараттар:

 

Әлеуетті жеткізуші № 192 Қағиданың 8 қосымшасында қоса берілген нысан бойынша хабарландыруда көзделген мәліметтер мен құжаттары бар тек қана 1 (бір) баға  ұсынысын береді.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына ұсынылған соң өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын жабылған конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күніне дейін ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағына:

1) Әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық (заңды) мекенжайын;

2) Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтің атауын көрсетеді.

Баға ұсыныстары бар конвертті ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжат (бұйрық, сенімхат, жеке куәлік) арқылы растауы тиіс.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

 Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

• қосылған құн салығы бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

• деректемелер толығымен көрсетілген банктің анықтамасы;

• бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық;

• сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясы.

 

Қосымша ақпаратты 8(7292) 701-500, ішкі.3250,3251,3210 телефоны арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға