1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу

№ п/п: 12937

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.01.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды

өткізу туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.

 

  1. Сатып алынатын қызметтердің атауы: - Автокөлікті ерікті сақтандыру.
  2. Стаып алу жоспарына сәйкес сатып алуға бөлінген сома:  ҚҚС сомасын есептемегенде 1 314 429,24  (Бір миллион үш жүз он төрт мың төрт жүз жиырма тоғыз теңге 24 тиын) тенге без учета суммы НДС.

 3.   Көрсетілетін қызмет саны: бір қызмет.

 4.   Қызмет көрсетілетін орын:  Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2-ғимарат.

 5.   Қызмет көрсетілетін мерзім:  Шарттың қолданылу мерзімі №1 Қосымша бойынша қол қойған 

      күннен басталады және 2019 жылғы 31 желтоқсан сағат 24.00-ге дейін қолданыста болады;

Шарттың қолданылу мерзімі №2 Қосымша бойынша 2019 жылғы 11 қарашада басталады және 2019 жылғы 31 желтоқсан сағат 24.00-ге дейін қолданыста болады.

6.   Сатып алынатын қызметке техникалық ерекше нұсқама Шарт жобасына №1 қосымшада және  

     №2 қосымшада  көрсетілген.

7.   Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: Шымкент қ., Төреқұлов көш., 2-ғимарат, №100-кабинет.

8.  Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау мерзімі – 2019 жылғы 21 қаңтар сағат 10:00-ден сағат  

     18.00-ге дейін.

     Баға ұсыныстарын  ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы 28 қаңтар сағат 15.00-ге дейін.

 9.   Баға ұсыныстары салынған конвертті ашу күні,уақыты және орны - 2019 жылғы 28 қаңтар сағат 15.30-де, Шымкент қ., Төреқұлов көш., 2-ғимарат.

10.  Маңызды талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріледі.

11.  Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бiр ғана баға ұсынысын нысан бойынша (баға ұсынысының нысаны қоса беріледі) табыс етеді, онда мына мәліметтер мен құжаттар қамтылады:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) көрсетілетін қызметтің атауы  және көлемі;  

3) қызмет көрсету орны және мерзімі;  

4) қызметтің бір бірлігінің құны және қызмет көрсетуге байланысты шығындар  қосылған  жалпы құны.

5) банктік деректемелері.

 6) Қазақстан Республиксының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, сақтандыру қызметімен айналысуға берілген құқықты растайтын құжат.

12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында 

1) әлеуетті жеткізушінің атауын  және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды  ұйымдастырушының атауын  және пошталық мекенжайын көрсетеді.

13. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстары бар конвертін ұсынушы өкілі өзінің өкілеттілігін құжат арқылы (бұйрық, сенімхат) растауы тиіс.

14. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

 15.  Қосымша ақпаратты   8 (725)  2997921, 997920 телефоны арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға