1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

КФҚ сатып алу

№ п/п: 12945

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.01.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.01.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «ҚР ҰБ» РММ Ақпараттық технологиялар басқармасы, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы Қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, тел. 8 (727) 330-24-71.

2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен КФҚ (бұдан әрі - Тауар) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды.

3. Сатып алу үшін бөлінген жалпы сома:

1) №1 лот бойынша «Қара-ақ түсте басу А3 ф. КФҚ» - ҚҚС-ын есепке алусыз 6 162 958 теңге 56 тиын (алты миллион жүз алпыс екі мың тоғыз жүз елу сегіз теңге 56 тиын);

2) №2 лот бойынша «Түрлі түсте басу А4 ф. КФҚ» - ҚҚС-ын есепке алусыз 507 078 теңге 68 тиын (бес жүз жеті мың жетпіз сегіз теңге 68 тиын);

3) №3 лот бойынша «Түрлі түсте басу А3 ф. КФҚ» - ҚҚС-ын есепке алусыз 2 970 192 теңге 75 тиын (екі миллион тоғыз жүз жетпіс мың жүз тоқсан екі теңге 75 тиын).

4. Ақы төлеу талаптары: Шарттағы жағдайларға сәйкес.

5. Қызмет көрсету мерзімі: Шарттағы жағдайларға сәйкес.

6. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама Техникалық ерекше нұсқамаларда көрсетілген (Шарттың қосымшалары).

7. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, 2-кіреберіс.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 ж. 22 қантар 10 сағат 00 минут.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2019 ж. 29 қантар 10 сағат 00 минут.

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. 29 қантар 11 сағат 00 минутта, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, №317/1  бөлме, мекен жайы бойынша ашылады.

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қағидалардың 8-қосымшасы қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының беріледі.

12. Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші ұсынылып отырған Тауарға техникалық ерекше нұсқама ұсынуға тиіс.  

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) көрсетілетін Тауардың атауы;

3) Тауарды жеткізу мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың біреуінің бағасы және Тауарды жеткізумен байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші Тауар үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін Тауардың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

ДК кәсіпкер үшін: 

  • ДК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 330-24-71.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға