1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Атырау филиалының су құбыры желісінің құрылғысы (қаланың сумен жабдықтау желісіне қосу) жұмысын сатып алу

№ п/п: 12946

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.01.2019 08:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2019 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, 060002,
Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а.
                                (сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық мекенжайы)
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
Атырау филиалының су құбыры желісінің құрылғысы
(қаланың сумен жабдықтау желісіне қосу)
                                           (сатып алынатын жұмыстардың атауын көрсетіңіз)
сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
     Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі: 1 (бір) жұмыс, 6 840 373,00 (алты миллион сегіз жүз қырық мың үш жүз жетпіс үш) теңге ҚҚС-сыз.
     Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы: Атырау филиалының су құбыры желісінің құрылғысы (қаланың сумен жабдықтау желісіне қосу.
     Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): қоса тіркеледі.
     Тауар үлгілерін тестілеу бағдарламалары (ол бар болса): жоқ.
     Жұмыстарды орындау орны: Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а.
     Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімдері: келісу мен қабылдауды есепке алғанда  күнтізбелік 60 күн.    
     Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын басталу: 2019 жылғы 22 қантар,
      Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын аяқталу мерзімі: 2019 жылғы 28 қантар, сағат 17:00,
      Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы,
      Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2019 жылғы 29 қантар, сағат 10:00.
Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы: қоса тіркеледі.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алуды талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, жұмыстарды көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.
      Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
       Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.
       Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
      Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
• Осы қызмет түрі үшін лицензия;
• Толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;
• Қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).
      Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз  өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат) тиіс.
       Жүргізілген сатып алулар қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
        Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7122) 556518.

 

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға