1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

VMWARE виртуалдауды лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау қызметін тендер тәсілімен сатып алу

№ п/п: 12949

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 24.01.2019 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 02.02.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

VMWARE виртуалдауды лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау қызметін тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақпараттық технологиялар басқармасы, А15С9Т5, Алматы қ., «Көктем-3» ш.а., 21-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: evenera@nationalbank.kz, тел. 8 (727) 2704-760,  VMWARE виртуалдауды лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау қызметін сатып алу бойынша тендер талаптарымен тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

1. Сатып алынатын Қызметі саны мен тендерге бөлінген сомасы осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Қызметі техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.

3. Маңызды Қызметі көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобалары қоса тіркеледі (осы тендер талаптарының 3-қосымшасы).

4. Қызметі жеткізу орны шарттың жобаларында көрсетілген.

5. Қызметі жеткізудің талап етілетін мерзімі шарттың жобаларында көрсетілген.

Тендерлік өтінімдерді тапсыру және рәсімдеу тәртібі, Қағидалардың[1] 4 бөлімінде көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A15C9T5, Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй, Ақпараттық технологиялар басқармасы, 317/1 каб.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Қызметті сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

- қазақстандық теңгедегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941 240 001 151, ЖСК KZ86125KZT5004100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13;

- ресей рубльдегі төлемдер үшін: банк бенефициары: Москва қ., Мемлекетаралық банк, БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ЖСН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; банк бенефициары: Москва қ., ЖАҚ Сбербанк России, БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ЖСН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 3011181A05B0Y8000124;

- АҚШ доллардағы төлемдер үшін: бенефициар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;

- ЕУРО төлемдер үшін: бенефициары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX,  ACCOUNT: 100 9498775 0000; банк бенефициары: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039. 

6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «04» ақпан 11 сағат 00 минут дейін (қоса есептегенде).

7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «04» ақпан 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша: A15C9T5, Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй, 317/1 каб. ашылады.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «29» қаңтар 15 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A15C9T5, Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй, Ақпараттық технологиялар басқармасы, телефон 8 727 2704-705, 2596-828, 330-24-65, электрондық пошта мекенжайы - evenera@nationalbank.kz.

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;

2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «31» қаңтар 18 сағат 00 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

 

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:

8 (727) 2704-760.

Тендерлік комиссия хатшысы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақпараттық технологиялар басқармасы шарт және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы  – Есбергенова Венера Селибаевна.

 


[1] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға